бірі – ер адамның әйелімен көңіл көтеруі», – деп төртеудің ішіне ерлі-
зайыптылардың көңіл көтеруін атап өтеді.
Аллаһ елшісі асыл жарларын ерекше құрметтеп,
жақсы көретінін
өздеріне айтатын. Бір сөзінде «Жақсы көргендеріңе жақсы көретіндеріңді
білдіріңдер» (Бұхари, Мәжази 38) деген еді. Артықшылықтарын да сөз
арасында айтып қуантатын. Көлікке де өз қолымен мінгізіп, арадағы ыстық
сезімді жиі-жиі сездіріпжұбайларына бақыт сыйлап отыратын. Бірде жалғыз
өзін ғана қонаққа шақырып келген бір кісіге «мына кісіні де қоссаң» деп
әйелдерінің бірін нұсқаған (Мүслим, Әшриба 139). «Мүминдердің ең
қайырлысы – көркем мінез иелері. Адам баласы
ғибадатпен ала алмайтын
үлкен шыңдарға жақсы мінезбен шығады. Көркем мінезі ең жақсылар –
әйелдеріне жақсы қарағандар» (Тирмизи, Радә 11) деп жақсы мінезді
кіршіксіз иманға теңеген.
Сафия анамыз әңгімелейді: «Пайғамбармен (с.а.с.) бір күні жолға
шыққан едік. Мені өзі мінген түйесіне мінгестірді. Жолда қатты ұйқы басып,
ұйықтап қалмауым үшін бір жағынан мені сипап, бір жағынан: «Ей, Сафия,
ұйықтама» (Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 2/417) деп дауыстап жүріп
отырды», – дейді.
Сафия анамызбен болған тағы бір оқиғаны баяндасақ: «Бір сапарда
бірге мінгескен түйенің аяғы тайып, екеуміз де құлап түстік.
Сол сәтте
жәрдемге жүгірген Әбу Талхаға Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Әйелге көмектес»
деп бірінші маған көмек бергізген болатын», – дейді (Ибн Хажар, әл-
Маталибул-алия 6/533 ) .
Хазірет Омар (р.а.) былай дейді: «Бір күні Аллаһ елшісінің жанына
бардым. Қарасам, күлімсіреп тұр екен. Мен: «Аллаһ тағала мәңгілік
шаттыққа бөлесін, неге күлімсіредіңіз?» – деп сұрадым. Ол: «Мына
әйелдердің іс-әрекеттеріне күлкім келгені. Әлгінде қасымда сөйлесіп отыр
еді. Сенің дауысыңды ести сала басылып қалды», – деп жауап қатты.
Пайғамбардың осы сөзін ести сала, даусымды көтеріп: «Әй, пәленше,
түгеншелер! Сонда
Хақ пайғамбардан қорықпай, менен қорыққандарың ба?
Осы қылықтарың әдепсіздік емес пе?» – дедім. Олар: «Сен қатал адамсың», –
деп жауап берді» (Бұхари, Әдеп, 68) .
Омар (р.а.): «Араб әйелдері: «Аллаһ және Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізді
өзімізден
артық
жақсы
көріп,
мейірімін
төкті»,–деді»–деп,
Пайғамбарымыздың өшпес өнеге қалдырғанын жеткізеді.
Алда-жалда жұбайларының басына уайым-қайғы орнай қалса, бірінші
болып жанынан табылатын. Бірде жұбайларының бірі Сафия анамыздың
яһудилігін бетіне басып, шамына тиетін сөз айтса керек. Мұны Сафия
анамыз
Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтып келеді. Сонда анамыздың көзінің жасын
сүртіп отырып былай деген еді: «Енді тағы осылай дейтін болса, сен оларға
«Менің әкем – Харун, ағам – Мұса, ерім – өздерің көргендей Мұхаммед
Мұстафа. Сендер маған нелеріңмен мақтанасыңдар», – деп айт», – дейді
(Тирмизи, Мәнақиб 63; Хаким, әл-Мүстәдрак, 4/31) .
Жарына деген жақсы қарым-қатынастың Аллаһ алдында жоғары
бағаланатын сауапты іс екенін Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп білдірген:
«Ең қайырлыларың – отбасың үшін қайырлы болғандарың.
Мен отбасына
сендердің араларыңдағы ең жақсы қарағандарыңмын» (Тирмизи, Мәнақиб
63) .
Басқа бір сөзінде: «Әйелдеріңе мейірімді болыңдар. Олар – сендерге
тапсырылған аманат. Оларға жақсы қараудан басқа амалдарың жоқ.
Сендердің көздеріңше жаман нәрсе істемесе болғаны», – деген еді.
Достарыңызбен бөлісу: