Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет89/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

« Егер Аллаһ тағаланы 
жақсы көрсеңдер, маған еріңдер, сонда Аллаһ сендерді жақсы көретін 
болады »
(«Әли Имран» сүресі, 31) деп көркем жеткізген.
77. Аллаһқа сеніп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) сенбеген адам 
мұсылман болып санала ма? 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) сену – Исламның алғы шарттарының бірі әрі 
иман етудің бір бөлшегі. Кәлимаға тіл келтірмей, хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) 
Аллаһтың құлы әрі елшісі деп танымай мұсылман бола алмаймыз. Құранда 
«Ендеше, Аллаһқа, елшісіне және біз түсірген нұрға (Құранға) 
сеніңдер...» 
(«Тәғабун» сүресі, 8) деп бұйырған. Аллаһ елшісін (с.а.с.) 
ақиқаттың жаршысы деп білмеген адамның Исламнан алар нәсібі жоқ. Тіпті 
Аллаһты мойындап, бірақ Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) мойындамаса, оны 
мұсылман деп айта алмаймыз, өйткені Құранда 
«Нағыз мүминдер Аллаһ 
пен расулына кәміл сенгендер» 
(«Нұр» сүресі, 62) және 
«Кімде-кім Аллаһ
пен расулына сенбесе, Біз оған алдын-ала лаулаған от дайындаймыз»
(«Фәтх» сүресі, 13) делінген.
Пайғамбарымызға (с.а.с.) шын жүректен сеніп, қалдырған мұрасын ұлы 
мирасын жүрегімізге сақтап, көркем мінезінен өнеге алып, есімін атап, 
сансыз салауат пен сәлем жолдап қана қоймай, жанымыздан да артық жақсы 
көруіміз қажет.


78. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әлемге рақым болып келуін қалай 
түсінеміз? 
Он сегіз мың ғаламның Сардары – дүниеге адамзат пен жын қауымына 
Аллаһты таныту үшін әрі жа- ратылыс атаулыға рақымдылық жаршысы. 
Құран аяты бұл сырды паш етіп: 
«Біз сені әлемге рақым етіп қана 
жібердік»
(«Әнбия» сүресі, 107) дейді.
Мұхаммедтің (с.а.с.) жарық дүниеге жіберілуі – Жаббар Иенің болмыс 
атаулыға жасаған үлкен қайырымы, рақымы. «Рақым» сөзі есіркеуге мұқтаж 
жандарға мейірім мен жақсылық жасау дегенді білдіреді. Негізінен 
аяушылық бірінші кезекте кісі тәрбиесімен айналысатындарға керек қасиет. 
Жүрек – иманның бастауы. Тас жүрек адам нағыз тәрбиешілікке лайық емес. 
Ал мейірбан жүрек бейбіт өмірдің ұйытқысы. Ендеше, көңілдің төрінен орын 
алып, әркімнің аңсарына айналғанына қарағанда, таудан құлап аққан кәусар 
бұлақтай мейірім мен рақым сезімі ең алдымен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
бойында менмұндалап жатса керек.
Бұл рақымдылық ақиретті де, дүниені де қамтиды. Мүшріктер Қағба 
ішін пұт атаулыға толтыру арқылы көңіл жұбатып, жабайы һәм надан 
әрекеттеріне желеу іздеп, адам баласы ар-ожданнан айырыла бастаған кезде, 
сүйікті Пайғамбарымыз дүниеге келген еді. Рақымның жер бетіне орнауымен 
тағылық пен соқыр сенімге тосқауыл қойылды, бейбақтардың көңіліне жан 
тыныштығы қонып, сіңірі шыққан кедейлер қанды сүліктей сорған 
қаныпезерлердің қақпанынан құтылып, жаугершілік жайбарақат тіршілікке 
айналып, дертке дауа, жанға шипа болған парасат майданының арқасында 
аяққа тапталған адамгершіліктің аспаны шұғылаға қайта бөленді.
Расулаллаһтың рақымы мұсылман мен мұнафықты, кәпірді, дос пен 
дұшпанды, үлкен мен кішіні, тіпті жануарларды да түгел қамтиды. Мүминге 
һидаят, кәпірге иләһи азаптың кешіктірілуі, мұнафықтар өмірі үшін 
тыныштық әкелген бұл рақымның аясында Аллаһқа қарсы шыққаны үшін 
бірден жойылып кету азабы тоқтады. Құранда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет