Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Біз олардың алдарына және



Pdf көрінісі
бет97/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
«Біз олардың алдарына және 
арттарына бір-бір перде тараттық. Олар сені көрмейді» 
деген аятты 
оқыды. Екі көзі төрт боп түні бойы пайғамбардың үйін торуылдағандардың 
бірде-біреуі оны көре алмады. Аллаһтың құдіретімен әлгі кәпірлердің көзі 
байланып, қара басып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шыққанын көрмей қалады. 
Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың қорғауымен Мәдинаға һижрет 
етті.
Мүшріктерден тығылып үңгірде жатқанда да Аллаһ тағала үңгір аузына 
құс ұясы мен өрмекшінің торын құрып қорғап қалған.
Мәдина кезеңіндегі қорғалуы . Мәдинаға келгеннен кейін де 
қастандықтар толастаған жоқ. «Бөрі жоқ деме бөрік астында, жау жоқ деме 
жар астында» дейтін аумалы-төкпелі заман мұнда да оң қабақ таныта 
қоймады. Қастандық табан астынан келетін еді. Дұшпандары күн сайын 
күшіне мініп, кәпірлерге қосылған мұнафықтардың қай уақытта, қай жерде 
қақпан құрып отырғанын болжау мүмкін емес еді. Әсіресе, бастары қосыла 
қалса Исламға қарсы қастандық ұйымдастыруды көздейтін Мәдина 
айналасындағы яһудилердің қарасы өз алдына бір төбе. Іштен шыққан жау 
мен сырттан келген жаудың қысымына аз ғана мұсылмандар төтеп бере 
алмай тығырыққа тірелген кездер көп болды. Тіпті Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
у да берілгені белгілі, бірақ мұның бәрінен Аллаһ тағаланың қамқорлығымен 
аман қалып отырған.


Жабир ибн Абдуллаһ риуаят етуде: «Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге 
Нәжид жақтан соғыстан келе жатқанбыз. Жолда бір тоғайдың жанына барып 
ат шалдырып, тынығып алмаққа тоқтадық. Әр жерге топ-топ күйде жата 
кеттік. Ұйқыға бас қойғанымыз сол еді, кенет Пайғамбарымыздың бізді 
шақырған даусын естіп өре түрегелдік. Енді байқадық, өзі бір мүшрікке 
қылышын кезеп тұр. Соңынан білдік, әлгі мүшрік Пайғамбарымызды өлтіру 
үшін аңдып жүрген екен. Ұйықтап жатқанын пайдаланып, ағашта ілініп 
тұрған Пайғамбарымыздың қылышын алып жақындай түседі. Аллаһтың 
елшісі оянып кеткенде,
қылышын ыңғайлап тұрған мүшрікті көреді. 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарап миығынан күліп: «Енді сені кім құтқарады?» 
– дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның қолындағы қылышына қарамай «Аллаһ!» – 
дейді. Кәпірдің өті жарылып, қатты қорыққаны сонша – қолындағы 
қылышын жерге түсіріп алады. Осы сәтте қылышты Аллаһ елшісі қолына 
алады да: «Ал енді сені кім құтқарады? – деп сұрайды». Әлгі адамның зәре- 
құты қашып, қалшылдап кетеді.
Жағдайды бағаласақ, өлтіруге барлық жағдай жасалған, бір ғана 
қимылмен о дүниеге аттандыра салатындай көрінгенімен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет