Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет98/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
«Аллаһ сені 
адамдардан қорғайды»
(«Мәида» сүресі 67) деген аяттың шындығы 
байқалған. Жаратушы Иенің сүйікті елшіге қамқорлығы кез келген мүшрік 
үшін алынбас қамал іспетті.
Яһуди әйелдің у беруінен аман қалуы .
Мұсылмандар Хайбарды алғаннан кейін бір яһуди әйел қой сойып 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) дастарқан жайып, төріне шығарып қонақ қылады. 
Ас ортаға әкелінген соң етті алып аузына апара бергенде, Құдайдың 
құдіретімен еттің уланғанын біледі. Осы уақытта етті жұрттан бұрын жеп 
үлгерген Бишр деген кісі сол жерде тіл тартпай кетеді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) етті пісірген әйелді алдырады. Сонда әйел қасқая қарап тұрып былай 
дейді: «Егер сен шын пайғамбар болсаң, бұл удың зияны тимесін білдім. Ал 
егер өтірік айтып жүрсең, қулығыңнан жұртты құтқарғым келді» (Бұхари, 
Хиба 28) . Расулаллаһ әйелді қоя береді.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) дінді жаю барысында дұшпандарымен сан 
мәрте қақтығысты, бірақ ешкім кесірін тигізе алмады, өйткені Аллаһтың 
қорғауында еді.
82. Көп жерлерде періштелерден көмек алғаны айтылады. Бұл 
құбылыс қалай жүзеге асқан? 
Ұлы Аллаһтың жаратқан мақұлығының көптігіне сан жетпейді. 
Солардың бірі – Жасаған Иеміздің сөзін екі етпейтін пәк періштелері. 
Олардың кейбірінің міндеттері адам баласына, оның ішінде пайғамбарларға 
көмектесу болған. Періштелер Пайғамбарымызға (с.а.с.) Бәдір, Хандақ, 
Хүнәйін соғыстарында қол ұшын бергенін Құран баян етеді.
Бәдір соғысында мүшріктер мыңның үстінде болса, мұсылмандардың 
саны бес жүз шамасында еді (Кейбір риуаяттарда олардың саны 314 адам 
және 70 жуық түйе болған) . Соғыс әне-міне басталады деген кезде 


Пайғамбарымыз (с.а.с.) екі жаққа кезек көз тастап тұрып, құбылаға қарап қол 
жайып: «Уа, Жаратушы Жаббар ием, Сенің маған берген уәдең бар. Мына ат 
төбеліндей аз ғана иман еткендер қырылып қалса, жер бетінде Саған ғибадат 
етер ешкім де қалмайды », – деп дұға етеді. Артынша мына аяттар түсті: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет