ЕРІНШЕКТІК ПЕН ЖАЛҚАУЛЫҚ
Еңбектің тағы бір жауы – еріншектік. Еріншек өзінің қабілетін, күш-қайратын, ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндігін толық пайдалана алмайды. Ол бір нәрсені ә дегеннен дұрыс ойлап, мінсіз жоспарлап, қапысыз болжауы мүмкін, бірақ оны қолға алуға ерініп, ертеңге калдыра береді, содан ойға алған шаруасы орнынан жылжымайды. Бұл қылығы әдетке айнала келіп, өмірде жөнді еш-теңеге қолы жетпей, алтын уақытын зая жібереді. Сондықтан еріншек сүйкімсіз, тіпті жиіркенішті көрінеді. «Тамшы тама берсе, тас теседі» дегендей, асқан қабілет-дарыны болмаса да, күн сайын көздеген нысанасына қарай табандылықпен ілгерілеп тынымсыз әрекет жасап, ізденген адам үлкен іс тындырып, мақсатына жетуі, ал одан әлдеқайда талантты және оның айлап жүрген жолын аптада-ак, басып өте алатын, бірақ жалқау, көңілі түскенде ғана бір талпынып қоятын кісі өмірде алдына қойған мақсаттарының бірде-біріне жете алмауы былай тұрсын ақыры тірлікті рухани және күш-қайрат жағынан тоқыраумен аяқтауы ықтимал. «Еріншектің ертеңі таусылмас», «Еріншекке бүгіннен ертең оңай», «Еріншекке іс тапсырсаң, өзіңе ақыл айтады», «Еріншектің егіні піспес» деген сияқты мақалдар сондайлар жайында. Жалқаулардың істі бітірудің жолын іздемей, сылтауыніздейтініәмбегеаян. Сондықтанеңбекті пір тұтқан, оның қыр-сырын қызыға зерттеген М. Горькийдің: «Барлық қуаныштың, дүниедегі барлық жақсылықтың көзі – еңбек» деген сөзін өсер үрпақтың зердесіне ұялатып, сеніміне айналдырғаннан ұтатынымыз анық. Өйткені адамзат еңбекпен ғана көктеп көгеріп, еңбекті қаншалық қызу сүйген сайын соншалық ұлы істер тындыратыны тәжірибеден белгілі. Олай болса, еңбекті өмір сүрудің бірінші кезектегі қажеті еткен адамдарды құрмет ету кісілік инабаттылыққа жатады. Ғылымға талпыну жолындағы жастарға үгіттеп айтар ақынның ақылы да бар. Ол – қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу.
Абайдың бұл сөздерінің күні бүгінге дейін мәні зор.
Ақын айтқан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Біз дежастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек істе, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп бізде айтамыз.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңінде ақын осы идеяны тереңдете отырып, елдің сорына неше түрлі қу мен сұм адамдардыңжиренішті кейпінашады. Ол –сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар жалмауыздар, үстем тап ішіндегі ұсақ пәлеқор мінезділер.
Тәрбиенің түпкі мақсаты не деген сұрауға келсек, қорыта келгенде, тәрбиенің мақсаты – адамды маңайындағы табиғат төңірегінде, әлеумет төңірегіне ыңғай-ласуға ықпал беретін құрал-күш жасап беру. Тәрбиесіз адам әрбір жаңа күйге үшыраса, берекесі кетіп, рәсуа болады. Ал тәрбиелі кісі жадына сіңірген өнегелер, дерексіз ұғымдар арасында бұрын үшырмаған халге туесе де, шара табуға оңтайлы келеді. Бір сөзбен тәрбиені былай тағайындауға болады: қылық пен икемдік жүзінде бойына сіңірген әдеттерді
іс істеуге амалға жанастырып ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |