Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


Сағат Әшімбаев «Парасатқа құштарлық» кітабы Алматы, «Жазушы», 1985ж



бет277/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   292

Сағат Әшімбаев «Парасатқа құштарлық» кітабы Алматы, «Жазушы», 1985ж.


Азаматтық формуласы (231-232-беттер)

Дүниеде себепсіз ғана емес, салдарсыз да ештеңе жоқ. Осы тұрғыдан қарасақ, жоғарыда айтып отырған үлағатты терең үғымдарды тым қарабайыр тұрғыдан жеңіл түсінудің нәтижесінде, бүгінгі рухани-әлеуметтік дамуымыздың барысында кейбір орынсыз кемшіліктер жөн-жосықсыз орын алып келеді. Өйткені терең ұғымды қолдан көпе-көрнеу жеңілдеткеннен еш уақытта өмір сүру жеңіл демейтіндігін, керісінше өмір атты күрделі процесс бұрынғысынан да ауырлай түсетіндігін ұмытпаған жөн. Асылы, азаматтық деген асыл үғымды стихиялық тұрғыдан түсіну — азаматтық жауапкершілікті атүсті, абстрактылы түсінуге әкеліп соғады! Соғудың да соғуы бар. Бүл соғу еш уақытта тектен-текке кетпейді. Ол оңы мен солын ажыратпайтын жай ғана солақайлықпен шектелсе бір сәрі ғой, ал шындығында сойқанды салдары басым небір адамгершілік- әлеуметтік сорақылықтарға жол салып береді.


Сол сорақылықтың бір көрінісі, бәріміз «белгілі нәрсе ғой» деп белінен басып, көп жағдайда мән бермей, көз жұмып жүрген немқүрайдылық (равнодушие) деген мәселені алайықшы. Мән бермей жүрген дейтініміз, оған дер кезінде көңіл аударып, тиісті шаралар қолданған болсақ, оны дәл мұндай тереңдетіп алмаған болар едік. Бүған бір жағынан «белгілі жайт қой» деп, тіпті ойланбастан қолды бір сілтей салатын өзіміз де кінәліміз. Өзіңіз ойланып көріңізші, осы «сілтей салудың» өзі кез келген үшқыннан алапат өрт шығатындығын ескермеу, болмаса бойымыздағы азаматтық белсенділіктің төмендігін бүркемелеу емес пе? Не- месе осының өзі азаматтық күрес пен әрекеттен бойды мүлде аулақ ұстауға итермелейтін тоғышарлық мінезден туған ымырашылық позицияның өзі емес пе?! Қосымша айта кететін нәрсе, «белгілі нәрсе ғой» деген сөзге тым әуестік көп ретте өзіміздің сол қүбылыстың себебі мен салдарын айқын білмейтіндігімізді бүркемелеудің ұтымды тәсілі екендігі. «Білеміз деп, белгілі деп кеуде қаққан адамның көп нәрсені білмейтіндігіне еш уақытта күмәнданба» (Л. Н. Толстой) деген сөзді еске алсақ, әдетте «белгілі ғой» деген бір жақты түсініктің ар жағында рухани-әлеуметтік даму- ымызға елеулі кесірін тигізіп жүрген кемшіліктер тұратынғын айтар едік. «Ауруын жасырғанның» түбі не болатын- дығын бәрімізде жақсы білетіндіктен, бүгежектеп бүрке- мелегеннен гері оны ашық айтқан жән деп білеміз.
Немкүрайдылық пен тоғышарлық бас пен жақтай бір- біріне жақын және бір-бірінен ажыратуға болмайтын жал- пы социалистік қоғам бойындағы аномалиялық уақытша қүбылыс. Бірінің соңынан екіншісікөлеңкедейкөлбепқалмайды. Тоғышарлық тоқырау, біз әдетте айтып жүрген- дей,дүниеқоңыздық яки дүниеқұмарлықпен шектелмейді, шектелсе сол күйінде қалсын дер едік қой. Оның ең қауіпті жері сол- тоғышарлық психология үстемдік алған жерде адамның ең басты қасиетінің бірі — күрескерлік рухқа дақ түсіп, ол біртіндеп жаси береді. Ал, күрескерлік рухтың жасуы ешқашан ешқандай жақсылыққа апармасы анық! Ол әлсіреген түстан жамандық бел алып, белді күшке айнала бастайды. Шындық қайда болса, әділдік сонда, ал әділдік ту тіккен жерде — шындық салтанат құрады. Сол шындық пен әділдік күрессіз келген емес! Демек, күрестің тоқтауы шындық пен әділдікті құрбандыққа шалу екен. Олай болса күрестен қашу — шындықтан қашу емес пе? Ал, жалпы есте ұстайтын нәрсе, жақсылық үшін күресу — жамандыққа қарсы күресу деген сөз, сол сияқты жақсылыққа қарсы күресу — жамандық үшін күресу деген сөз! Біз айтып отырған тоғышарлық о бастан-ақ іштей де, сырттай да жақсылыққа қарсы жанкештілекпен күресіп келе жатқан зымиян күш. Сондықтан да оны ешбір жағдайда назардан тыс, көзден таса үстауға болмайды.
«Жұт жеті ағайынды» дегендей, рухани жұт— тоғышар- лық одан да көп, нағыз «қызыл көздің» өзі. Енді сол «ағай- ындарының» түр-түсі қандай? Олар: көзқарастағы тайыздық, мінездегі өзімшілдік, дүниетанымдығы дүмшелік, сезімдегі желбуаздық, сөздегі екіұштылық, ниеттегі арамдык, пен ашкөзділік, көңілдегі көрсоқырлық пен пейілдегі тарлық, кәкейдегі тойымсыздық, жүрістегі сұйықтық, по- зициядағы самарқау бейтараптық, әрекеттегі жалтақтық, қарым-қатынастағы есеп пен пайдакүнемдік, принциптегі солқылдақтық, мақсат-мұраттағы жер бауырлаған ұсақ- тық, сенімдегі немқұрайдылық. Осының бәрі тоғышарлық «аурудың» басты-басты симптомдары. Сондықтан да бұлар- ға қарсы күрес азаматтық жауапкершіліктің бірден-бір не- гізгі шарты болуға тиіс!


. Азаматтық формуласы (245-247-беттер)
Азаматтық және адамгершілік сезімдер мен касиет- тердің айрықша молдығы жеке адамның ғана рухани құдірет күшін танытып коймайды. Бұл сонымен катар сол адам өмір сүріп отырған ортаның, яки сол қоғамның да орасан зор рухани-моральдық байлығы саналады. Кез келген қоғам өзінің табиғи және материалдық байлығымен куатты көрінетіні рас, сөйтсе де нағыз адамгершілік пен азаматтық принциптерге негізделген қоғам ғана өзінің рухани және моральдық байлықтарымен тіпті қүдіретті екендігін бүгінгі біздің кемелденген социалистік коғамы- мыз айқын көрсетіп отыр. Бұл қоғамның тарихи күдіреті сонда — азаматтық пен адамгершілік сезімдер мен қасиет- тердің дамуына барынша кең жол ашылып отыр.
Азаматтық пен адамгершілік! Бүлар бірінсіз-бірі жоқ біртұтас ұғым. Тіпті бұл екеуі бір-бірінен бөлуге келмейтін түп негізі бір егіз ұғым. Немесе олар бір медальдың қос беті десе де болады. Нағыз азаматтықтың қуат алар қай- нар көзі — арнасы терең адамгершілік болса, ал адамгер- шіліктің ақшаңқан апогейі азаматтық екені анық. Екеуінің өзара бірлігінен саналылықтың ең жоғарғы сатысы күрескерлік сезім немесе патриоттық сезім келіп шығады. Осы жерде анықтап айта кететін нәрсе, патриоттық яғни күрескерлік қасиет жақсылық немесе адамгершілік үшін күреспен ғана шектелмейді. Өмірдегі жамандық атаулының үлкенді-кішілі қандай түріне болсын қарсы бағытталған табанды әрі принципиальдық күрес патриоттықтың басты шарттарының бірі болып табылады.
Демек, нағыз азаматтықтың шынайы формуласы кең масштабтағы адамгершілік, патриоттық, күрескерлік іс- әрекеттер мен қасиеттердің табиғи бірлігімен ғана өлше- нетіндігін ендігі ретте өміршең принцип ретінде ұстанғач жөн болар. Олай болса, жұмыр басты адамға тән кәдуілгі пенделік мың-сан іс-әрекетЧпң бәрін шын мағынасындағы азаматтық, адамгершілік, патриоттық іс-әрекеттермен ша- тастыруға болмайды. Біз әдетте адам-индивидуум мен азамат-личность деген бір-бірінен ауылы алыс жатқан ұғымдарға бір-бірімен жақын үғымдар ретінде теңгерме- шілдікпен карай салатынымыз бар. Асылы, көптің бірі, көпшілік санатындағы жұлын-жүйкелі адам бар да, ал адамның асыл төресі ақиық азамат басқа екендігін уақыг төрешінің өзі көріпкел ретінде көрсетіп келе жаткан жоқ па? Несін жасырамыз, көбіміз сол ақиық азаматтардыц арқасында алшан басып, асығымыз алшысынан түсіп.


Сондықтан да азамат деген аяулы ұғымды, яғни осынау адамдық қасиеттін, ен, биік өлшемін кез келген көлденең көк аттының қанжығасына байлап бермей, бұл сөзге аялап қарап, оны айрықша ар-ұжданның синонимі, ақ- шаңқан адамгершілік рухтың символы ретінде абайлап қолданғанымыз орынды болар?! Өмір бар жерде адам, адам жүрген жерде өмір бар екендігі бесенеден белгілі. Сөйтсе де осыған дейінгі тағылымы зор тарихқа жүгінсек, қай ғасырда да, қай уақытта да өмірдің тасын өрге сүйреп әрі тауқыметін кәп көрген, қоғамдық дамудың прогресшіл қозғаушы күші бола білген де ақиық азаматтар екендігін көрер едік. Тіпті тарих дегеніміздің өзі де қарап отырсақ, кемел ойлы, кең тынысты азаматтардың тарихы, солардың рухани-адамгершілік дамуға қосқан тау тасындай кесек іс-әрекеттері екен ғой.
Біз әдетте азамат деген телегей үғым беретін терең мағыналы сөзді реті келсін, келмесін парықсыз көп қолданамыз. Сөзді жауапкершіліксіз айтқан жерде сөзге жауап берушілік азаятыны мәлім. Демек, жауапкершілік дегеннің өзі ең алдымен ар алдында жауап берушілік екенін үмытуға болмайды. Көп қолданамыз дегеннен шығады, мына бір жайға назар аударыңызшы?! Мәселен, бойындағы бар энергиясы — зор қажыр-қайраты мен мол «білімін» саялы жерлерді сағалап — теңіз жағалап демалған кезде жинаған күш-қуатын, шет жұрттарды аралап қайтқанда алған бай әсерлерін қалқиған қара басының қарақан қамы үшін жүмсайтындар аз ба екен?! Немесе өз семьясы мен жақын-жақпайларының игілігінен басқаға иілмейтін, басқаны ойлап бас қатырмайтын, ел, ұлт, мем- лекет мүддесі деген ерекше ұғым — үлкен категориялар төңірегінде еш уақытта ойланып көрмегендер аз деп айтуға аузыңыз барар ма екен?! Өкінішке орай, солардың солақай тірлігін көріп тұрып, қайсыбір болымсыз әрекет, болмашы ісіне қарап кейде «нағыз азамат қой» деп қол қусыра қолдап, қолтығынан сүйеп, қолпаштап жататынымыз бар. Міне, осындай немкетті көзқарас, немқүрайды позицияның салдарынан азамат деген тарихи-әлеуметтік мәні зор ұғымды жадағай түсіну етек алып бара жатқандығын несіне жасырамыз. Осы ретте өмірлік мәні зор мәселелерді қалай түсінсе, солай өмір сүруге бейім туратын адам психологиясына тән шындықты айта кеткен жөн секілді.
Қысқасы, аталған ұғымды үстірт түсініп, одан туындайтын міндет пен жауапкершілікке жүрдім-бардым жеңіл қараған жерде көрер көзге арзанды қолдан қымбаттату, қолдағы қымбатты аяқасты арзандату келіп шығады екен. Әрине, мүның өзі, бейнелеп айтқанда, тайбурылдыц жүгін тайға артқан немесе тайбурылға балаған парықсыздықпен пара-пар. Ендігі жерде азаматтық өмірдің, биік мақсат- мүраттың, сара сана-сезімнің үздік үлгісі ретінде халықтық масштабтағы әлеуметтік-адамгершілік іс-әрекеттерімен танылған, ұлттың рухани-мәдени дамуына ұланғайыр үлес қосқан тарихи тұлғаларды ғана атап айтқан жөн екендігін уақыттың өзі көрсетіп отырған жоқ па? Осы тұрғыдан қараранда қазақ халқының бертінгі тарихындағы айрықша ақиықтарының бір тобын—Ш. Уәлиханов, М. Өтемісов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, С. Сейфуллин, Ә. Жанкелдин, Т. Рысқұлов, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев, А. Жүбанов, С. Мұқанов,, Ш. Айманов, I. Омаров, Б. Мо- мышүлы, Ә. Марғұлан және тағы басқаларды азамат деп қалай ауыз толтырып айтсақ та жарасып-ақ тұр. Әрине, бүлар халық жүрегінен әлдеқашан орын алғандығы мәлім. Сөйтсе де оларды алдағы уақытта әрбір жаңа ұрпаққа жаңа қырынан жанымызды салып, жаңаша насихаттап отыру рухани азаматтық жағынан өскендігімізді танытпақ.
Туған елінің ой, парасат және рухани мәдениет жағы- нан биік түғырға көтерілуі мен ұлттық сана-сезімнің дамуына ерекше еңбек сінірген осындай қайталанбас, қайта тумас тарихи тұлғалар түрғанда, біздің келіп көптің бірі болып, бір-бірімізді жоғарыдағы мағыналы сөздермен мағынасыз мадақтап-марапаттап жататынымыз ыңғайсыз- ақ сезіледі. Асылы, бүл көргенсіздікті азайтуымыз керек шығар. Өйткені азаматтықтың тарихи формуласының өзі халықтық масштабтағы үлкен іс тындырудан, үлттың рухани-мәдени дамуына және әлеуметтік прогреске лайықты үлес қосудан, адамгершілік ерлікке пара-пар өмірлік мәні зор өнегелі іс-әрекеттерден ғана түратындығын өмір диа- лектикасы дәлелдеп отырған жоқ па?! Демек, азаматтық формуласы — бәріміздің де бірдей күнделікті күйбең іс-әре- кеттеріміз бен жымы көп, жырбыңы басым пенделік тырбың тірлігіміз емес, шын мәніндегі жоғары адамгершілік категория. Сондықтан да азаматтық формуласына жата- тын әлеуметтік аспектідегі адамгершілік, патриоттық, күрескерлік іс-әрекеттерге ұмтылу бүгінгі замандас тірші- лігінің ең басты мұраты әрі ең басты мәні болып табылады

М. Шақанов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет