Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


Шыңғыс Айтматов Ерте келген тырналар(повесінен үзінділер)



бет227/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   292

Шыңғыс Айтматов

Ерте келген тырналар(повесінен үзінділер)


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6915&Itemid=23
Жаздың маужыраған тымық кешінде әбден шырынына толып, пісіп тұрған түз шөбінің ию-қию иісі мұрын жарып барады. Жол жиегіндегі арықтарда құрбақалар құрылдайды. Аттар керосин толы күбілерді ауырлап келе ме, аяқ алыстары манағыдай ширақ емес. Сұлтанмұраттың көзіне ұйқы үйіріле бастады. Шаршап қалыпты. Бүгінгідей не қызықтың бәрін көріп базар соқты болғанда шаршамағанда қашан шаршайды. Шіркін-ай, мына арбаның үстінде екі аяқты емін-еркін созып тастап, қисайып алатындай жер болар ма еді. Ұйқысы құрығыр шыдатар емес. Әкесінің иығына басын сүйеп, шырт ұйқыға кетті. Ойлы-қырлы жерлерге келгенде ғана басын бір көтеріп ап, қайтадан ұйқы соғады. Көзін жұмар алдында, дүниеде әкеңнің бары қандай жақсы еді деп рахаттана ойлап қояды. Әйтпесе, мынадай алпамса иыққа маңдайыңды сүйеп маужырап отыратын тәтті ұйқы қайда? Арбалары тасырлап-түсірлеп тартып келеді, аттардың тұяқ дыбысы да дүңк-дүңк етіп қатты шығады. Сұлтанмұрат қанша жүргендерімен еш хабары жоқ, бір уақыттарда арбаның тоқтап тұрғанын сезді. Шиқылдаған доңғалақтардың да үні өшті. Әкесі оны қолына көтеріп ап, бір жаққа алып келеді.
- Қалай-қалай өсіп кеткенсің. Тіпті көтертпейтін түрің бар ғой!- деп күбірлейді ол, бауырына қыса түсіп. Сосын оны бір мая шөпке әкеп жатқызып, үстіне бешпетін жапты:
- Сен ұйықтай бер. Мен аттардың арқасын босатып отқа жіберіп келейін. Тәтті ұйқының құшағындағы Сұлтанмұрат соның ешқайсысына да көзін ашқан жоқ. Бірақ, ішінен: «шіркін-ай, дүниеде әкең болғаны қандай жақсы еді» деп ойлап жатты. Сосын бір уақыттарда әкесі кеп, аяғындағы бәтеңкесін шешіп алғанда барып бір оянып кетті. Бәтеңкесі, шынында да аяғын қысып тастапты. Әкесі оны қайдан біле қойды екен? Өне бойы бір мігірсіз жылжып жатқан жылы ағыстың майда толқыны аймалағандай, қайтадан мамыражай ұйқыға шомды. Оған биік өскен кек шалғынның үстінде жел лебінен теңіздегідей жал-жал толқын көтеріліп, тербеліп жатқандай боп көрінді. Ол өзін сәл жасыл толқында құлаштай жүзіп, асыр салып ойнап жүр екем деп ойлайды; сол бір теңіздей толқып, белуардан аса биік боп ескен ну шалғынға сонау шырқау аспан терінен үнсіз зулап қайта-қайта жұлдыз ағып түсіп жатыр екен дейді. Біресе ана жерге, біресе мына жерге шаншыла құлап жатқан жарық жұлдыздар бұл қасына жүгіріп барғанша лып етіп сөніп қала берді. Сұлтанмұрат әлгінің бәрі өңі емес түсі екенін ұйықтап жатып та біліп жатты. Бірақ көзін ашуға балдай тәтті үйқыны қимады. Түн ортасы ауа күн салқындайын деді. Ысырыла-ысырыла әкесінің қойнынан бір-ақ шықты; ұйқыдағы әкесі оны құшақтай ап, бауырына басып қысып-қысып қояды. Айдалада ашық аспан астында, үлкен жолдың үстінде әкелі-балалы екеуі айқара құшақтасып ұйқы соқты. Жылы үй, жұмсақ төсектегі тыныш ұйқы бұндай ұйқыдан садаға кетпес пе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет