Ондағы арман, мақсат не?
Оянар ойын сәлден соң,
Анашың берген ақ сүтпен.
Ой дегенің - ми болмақ,
Домалап түсіп жөргектен,
Міндетің сенің қозғалмақ
Отырып яки еңбектен.
Солқылдап миың төбеңде
Әлде бір бақыт, әлде сын,
Бұйырар саған ол енді
Қаз тұру, жүру әммесін.
Ал содан жолын басталмақ,
Күн бағып көкте, Ай қарап,
Қисықта түзу баспалдақ,
Шөптесін яки тайғанақ.
Жылау да сылтау, күлулер,
Өкініш пенен өтініш,
Тірліктің құны білінер,
Толысып ойың, бекіп іш.
* * *
Ал содан кейін алмасар,
(Нанбасаң барлап білші өзің),
"Өзім" деген бір сезім,
"Елім" деген бір сезім.
Алмаспай қалар кезі бар,-
Алланың ол да салғаны,
Жалғанда жалғыз "өзі" бар.
Өзінің қамы - арманы.
Көбейді бұл шақ сондайлар,
Оп-оңай оны байқайсың,
Еріңді іздеп елді ойлар,
Жақыннан, жаттан таппайсың.
Жүйріктің бағын топ сынар
Алғашқы аяқ салғаннан.
Жалғанда сорлы жоқ шығар,
Көп болып, жалғыз қалғаннан.
* * *
Ал, "Елім" деген бір ұлан,
"Жерім" деген бір тарлан,
Ат алдырып Қырымнан,
Ер алдырып Бұхардан.
Бұла да бойын бекітіп,
Намыспен мүше шегелеп,
Ақтабан тұлпар секіртіп,
Абыройлы сапар шегер еді.
Ойламас еді бір басын,
Кесіліп қалса, қайтем,- деп,
Ел үшін белін буғасын.
Қайыспай шауып, қайта өрлеп.
Азаттық туын шұбалтып,
Қалыңға барып кірер ед,
Атадан бата құмартып,
Алдында тізе бүгер ед,
Ақсақалды бабасы
Ақ сүңгі қолын жаяр ед,
Найзадай тіп-тік нар басы
Аруағы елге аян ед.
Күңірентіп мына даланы,
Сілтідей көпті тындырып,
Дауысы жанға дауалы,
Әр сөзі - жиһаз бір мүлік.
Батасын баба берер ед,
"Әумин" десіп қалайық,
Азамат сапар шегер ед,
Қарасы жауға молайып.
Намысы - найза, күші - кек,
Өмірге келіп енгесін,
Ұяттан өлмеу үшін ед!
Туған соң болып ер-кіндік,
"Еңку де еңку жер шалған",
Еліне тілеп еркіндік,
"Ерулі атқа ер салған".
Соларды іздеп сандалдым,
Тарихтың тінтіп қоймасын.
"Елім" деген жандардың
Естімей даусын қойғасын.
"Шын жыласа,- деген бар,-
Соқыр көзден жас шығар".
Бүгін болмаса, табылар
Ертеңнен жақсы басшылар.
Кәсібі жаман пысықтың -
"Жүзік көзінен жүз өту."
Орыннан тұрар ұшып кім,
Арманы - елді түзету?!
Өтінер туған халқынан
Артына мойын бұрғанда,
Баяғы дәстүр-салтынан
Алыстап кетпей тұрғанда.
"Еңсеңді көтер, Елім!"- деп,
Оятып намыс, ойда күш,
Сондайда бастар Ер керек,
Толғағы жеткен қозғалыс.
Ақтара салып толқынын,
Аймалап ата-мекенін,
"Халықпен ойнау, жарқыным,
Қауіпті жұмыс екенін",
Танытар досқа-жатқа да
Сондай да сондай жігіттер.
Дәл осы мынау шақта да,
Жоғалмас біздің үміттер.
* * *
Нан жоқ болса - табылар,
Ар жоқ болса - Аштық сол.
Көбейіп сансыз жабылар,
Едәуір бізді басты сор.
Ата-баба көрмеген
Қорлықты кештік кіл қорқақ.
Үрейден үрей өрлеген
Күн - ылайсаң, түн - бұрқақ.
"Қорқа алман" деген батылдың,
Артына арыз жапсырып,
Басына салдық пақыр күн.
Жендетке жанын тапсырып.
Талантты туған талайды,
Ұзаттық қолдан байлатып,
Жұмсадық ерді малай ғып,
Төбеден таяқ ойнатып.
"Жақсы еді ғой, байғұс!"- деп,
Жантайып жатып еске алдық.
Қуаныштан қайғы істеп,
Жасап едік қастандық.
Әлі де "жақсы" кемдікте
Қортықтар қорлы, дәулетті.
Өзіміз бағзы елдікке
Орнатқан қолдан нәубетті.
Әлі де жүрміз мақұрым
Білімнен, мәдениеттен,
Жамандық болса - шақырдық,
Алыстан адал ниеттен.
Намысы - найза, күші - кек,
Өмірге келіп енгесін,
Ұяттан өлмеу үшін ед!
Туған соң болып ер-кіндік,
"Еңку де еңку жер шалған",
Еліне тілеп еркіндік,
"Ерулі атқа ер салған".
Соларды іздеп сандалдым,
Тарихтың тінтіп қоймасын.
"Елім" деген жандардың
Естімей даусын қойғасын.
"Шын жыласа,- деген бар,-
Соқыр көзден жас шығар".
Бүгін болмаса, табылар
Ертеңнен жақсы басшылар.
Кәсібі жаман пысықтың -
"Жүзік көзінен жүз өту."
Орыннан тұрар ұшып кім,
Арманы - елді түзету?!
Өтінер туған халқынан
Артына мойын бұрғанда,
Баяғы дәстүр-салтынан
Алыстап кетпей тұрғанда.
"Еңсеңді көтер, Елім!"- деп,
Оятып намыс, ойда күш,
Сондайда бастар Ер керек,
Толғағы жеткен қозғалыс.
Ақтара салып толқынын,
Аймалап ата-мекенін,
"Халықпен ойнау, жарқыным,
Қауіпті жұмыс екенін",
Танытар досқа-жатқа да
Сондай да сондай жігіттер.
Дәл осы мынау шақта да,
Жоғалмас біздің үміттер.
* * *
Нан жоқ болса - табылар,
Ар жоқ болса - Аштық сол.
Көбейіп сансыз жабылар,
Едәуір бізді басты сор.
Ата-баба көрмеген
Қорлықты кештік кіл қорқақ.
Үрейден үрей өрлеген
Күн - ылайсаң, түн - бұрқақ.
"Қорқа алман" деген батылдың,
Артына арыз жапсырып,
Басына салдық пақыр күн.
Жендетке жанын тапсырып.
Талантты туған талайды,
Ұзаттық қолдан байлатып,
Жұмсадық ерді малай ғып,
Төбеден таяқ ойнатып.
"Жақсы еді ғой, байғұс!"- деп,
Жантайып жатып еске алдық.
Қуаныштан қайғы істеп,
Жасап едік қастандық.
Әлі де "жақсы" кемдікте
Қортықтар қорлы, дәулетті.
Өзіміз бағзы елдікке
Орнатқан қолдан нәубетті.
Әлі де жүрміз мақұрым
Білімнен, мәдениеттен,
Жамандық болса - шақырдық,
Алыстан адал ниеттен.
Рахымсыз,қарау, ашкөздік
Қайырымсыз бауыр, қарындас,
Есекті қойдық бас, көз ғып,
Өрескел мұндай табылмас!
Опасыз, сатқын кіл сымпыс,
Кешегі достық, бүгін жау,
Жаңылса жағың - жалт бұрыс,
Тұрақсыз дүние - зырылдау.
* * *
Дегенмен...
Дегенмен елміз әлі біз,
Сақталған салттың жұрнағы.
"Әу" десіп кетсек бәріміз,
Жығылған жерден тұрғалы.
Ұмтыламыз, талап бар,
Болса да әзір күш тапшы,
Баяғы күйген қанаттар
Сәл сіліксең - ұшпақшы.
Баяғы ауыз бірліктен
Қолдағы қалған жұқана.
Сәл қозғасаң - жан біткен.
О, тәнірім, о, пана!
Ел едік біз, Ер едік,
Ұмытпағандар бар екен
Кәзір-ақ кетер теңеліп
Баяғы дәулет, берекем.
Ал, азамат, жаңа ұрпақ,
Барыңды қолдан шығарма,
Жақсылықпен жарылқап,
Жақсы салтпен тұр алда!
Өзгелердей шүкір біз
Жатқан жоқпыз қырқысып,
Әлі де кеңбіз, бүтінбіз,
Ырысты, асты бірге ішіп,
Бақытты қолдан бөлісіп,
Ағайын тату, ел аман,
Сағынып, есен көрісіп,
Шығарып бір бас жағадан.
"Бір жеңнен қол" деген бір
Бәтуә сөзіңді есіңе ал!
"Көсегең сенің көгерер"
Десе, бізге несі бар!
"Үлкен қазақ еді-ау бұл,
Үлкендігі шын екен!"-
Дегізер келді бір дәуір
Аруақты қоныс, ұлы мекен!
Сен аман бол, сенем мен
Кісілік, елдік салтына,
Мына бір ауыр белеңнен,
Өт те, келші қалпыңа!
Сағынған жұртқа қалаулы,
Сенікі сөйлер енді сөз.
Батырлар тұтқан жалауды
Батырлар ұстар келді кез!
"Азат!" деп ауыз айтқаннан
, дегендей, өтініш айтқандай.
Бірақ үн қата алмады.
Жүрегі лүпілдеп соғып, өңі
Жарамас түгел ол шынға!
Айнымас ұран, ант, иман -
Рухың азат болсын да!
|