Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру



бет19/58
Дата15.12.2016
өлшемі6,93 Mb.
#3880
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58

Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру



Балам, егер көршің үшін кепілдік беріп,

Не бөтеннің қарызын мойныңа алып,

Аузыңнан шыққан сөзіңмен шырмалсаң,

Ұлым, сол адамға кіріптар болғаның.

Тез барып, жалынып аяғына жығыл,

Осылай уәдеңнен азат болып құтыл!

Үйқыға бой беріп, кірпігіңді ілмей,

Алдымен көз жүмып, ұйықтайын демей,

Аңшыдан қашқан еліктей дереу құтыл,

Құс іспетті тұзақтан босауға ұмтыл!



Жалқау неме, құмырсқадан үлгі ал,

Ісіне қарап оның, парасатқа ие бол!

Бастық, бақылаушы, билеушісі болмайды,

Жазда қысқы азығын дайындайды,

Орақ кезінде тамағын жинайды.

Жалқау неме, қашанғы ұйықтап жатасың,

Үйқыңнан оянып, қашан тұрасың?

Біресе ұйықтап не мүлгіп отырасың,

Біресе қол қусырып жатып та аласың,

Кенеттен жүйріктей жоқшылық жетер,

Тонаушыдай мүқтаждық саған тап берер.

Олар сені жүгенсіз әйелден сақтайды

Оның жағымпаз сөздерінен қорғайды.


Даналықтың уәде еткен сый-тартулары



Даналық шақырып жатыр емес пе,

Ақыл-парасат дауыстап түр емес пе?

Жол жиегінде, биік орындарда

Түр һәм жол тораптарында.



Қала қақпаларының төңірегінде,

Халық өтетін кіре берістерде,



Даналық былай деп мәлімдеуде:

«Уа, халайық, сендерді шақырамын,

Бар адамзатқа дауыстап айтамын:

Аңқаулар, енді үйреніңдер,

Аңғалдар, түсінік иеленіңдер,

Тыңдаңдар мені, асыл сөз айтпақпын,

Ақиқат — барлығы да айтарымның.

Шындық — аузымнан шыққан сөздің бэрі,

Өтірік айту маған аса жиренішті.

Менің сөздерімнің бэрі де дұрыс,

Ешқайсысы емес арам не бұрыс.

Саналыға барлығы түсінікті,



Білімдіге мінсіз де эділетті.

Күмістен гөрі ал менен тәлімді,

Саф алтыннан гөрі қабыл ал білімді. 11

Даналық асыл тастардан да қүнды,

Аңсаған еш нэрсең оған тең келмейді».

Даналықтың ақыл-кеңесі мен жемісі



«Мен даналықпын, парасат бар қасымда,

Саналы білім тауып аламын да.

Жаратқанды қастерлеп, мойынсүну,

Бүл — жамандық атаулыны жек көру.

Жек көремін паңдық пен менмендікті,

Жаман іс-әрекет пен бұрма сөзді.

Менде ақыл-кеңес бар, адал сана,

Иемін парасат, күш-қуатқа да.

1Мен арқылы патшалар билік құрады,

Әкімдер әділ заңдар шығарады.

Әміршілер мен арқылы басқарады,

Төрелер әділ үкім шығарады.

Мен де сүйемін өзімді сүйгенді,

Іздеп жүрген тауып алады мені.

Абырой-байлық сыйлайтын бар менде,

Жоғалмас қазына мен эділдік те.

Беретін жемісім алтыннан құнды,

Ол тіпті саф алтыннан да бағалы,

Шығаратын өнімім менің таңдаулы,

Күмістен де әлдеқайда жоғары.

Әділетті жолмен жүре беремін,

Ақиқат жолынан ешбір таймаймын.

Мені суйгендерге игілік сыйлаймын,

Қазыналарын толтыра беремін»

Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы


Ақылды бала — әкесінің сүйініші,

Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.

Арам байлық пайдалы болмайды,

Ал әділдік ажалдан сақтайды.

Әділдің аш жүруіне Жаратқан жол бермес,
Зұлымның аңсағанын беруді қош көрмес.

Жалқау қол жарлы қылар,

Ісмер қол дәулетті қылар.

Жазда өнім жиған — ақылды бала,

Орақ кезінде үйықтаган — арсыз бала.

Әділ жан жарылқауға ие болар,

Зұлымның аузы зорлық жасырар.

Әділді есіне алған жұрт шүкір етер,

Ал зұлымның есімі құрып кетер.

Дана нұсқауларды ықыласпен қабылдар,

Надан ез созінен сүрініп құлар.

Таза жүрген аман жүрер,

Қисық жолдағы эшкереленер.

Көзін қысып белгі берген ыза келтірер,

Ал мылжың бос созінен жапа шегер.

11 Әділдің аузынан өмір қайнар,

Зұлымның аузы зорлықты тасалар.
Өшпенділік араздық туғызар,

Сүйіспеншілік бар күнәны жабар.
3ерделінің аузынан даналық шығар,

Парасаттан бас тартқан жазасын тартар.

Данышпан білімін сақтап қояр,

Ақымақ аузымен пәле шақырар.

Байдың қорғаны — өз байлығы,

Жарлының пәлесі — өз жоқшылығы.

Әділдің өнімі — өмірге,

Зұлымның табысы — күнәға.

Тәрбиеге мойынсұнған өмірге жол бастар,

Ескертуді елемеген өзгені де азғырар.

Қастығын жасырғанның тілі жалған,

Өсек-аяң таратқан — ақымақ жан.

Сөзуар құтыла алмас күнәдан,

Ақылды өз аузына ие болған.

Әділдің тілі —таңдаулы күміс,

Зұлымның ой-ниеті — түкке тұрғысыз.

Әділдің тілі көпке ақыл берер,

Наданның зердесіздігі түбіне жетер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет