ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
309
2000 жылдары Қазақстан НАТО-мен ынтымақтастығын дамыта түсті. Біз
2001 жылдың қыркүйегінен бастап Ауғанстандағы халықаралық лаңкестікке
қарсы коалицияға транзиттік қолдау көрсеттік.
2002 жылдың қарашасында Солтүстікатлантикалық альянстың Бас хат-
шысы Дж.Робертсон Астанаға келді. 2006 жылы НАТО мен Қазақстан өңір-
лік қауіпсіздікті нығайтуды, терроризммен күресте ынтымақтаса жұмыс
істеуді, сондай-ақ шұғыл азаматтық жоспарлауды негіз еткен серіктестіктің
жаңа деңгейіне өтті.
2006 жылдан бастап Қазақстан Қарулы күштері (Қазбат) пен НАТО
күштерінің бірлескен «Дала қыраны» бітімгершілік жаттығулары өткізіліп
келеді.
Қазақстанның ҰҚШҰ жұмысына белсенді араласуы және НАТО-мен
серіктестігі ұлттық және өңірлік қауіпсіздіктің нығаюына жол ашты, жаһан-
дық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қос-
ты.
Достарыңызбен бөлісу: