312
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2010-шы жылдардың басында Қазақстан ЕО-мен диалогта жаңа сапа-
лық деңгейге көтерілген Орталық Азия өңіріндегі бірінші ел болды. Оған
Еуропалық одақпен кеңейтілген серіктестік туралы жаңа келісім құқықтық
негіз болды.
«Еуропаға жол» бағдарламасының маңызды бөлігі Қазақстанның
құқықтық жүйесі мен қоғамдық-саяси институттарының еуропалық тәжіри-
бені ескере отырып дамуы еді. 2012 жылдың наурыз айында Қазақстан
сайлау құқығы саласында жұмыс істейтін «Құқық арқылы демократияға»
Венециялық комиссиясына мүше болды. Еуропалық парламентпен, ЕҚЫҰ
Парламенттік ассамблеяларымен және Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық
серпінді дамыды.
«Еуропаға жол» бағдарламасы сәтімен жүзеге асырылды. Мұның бәрі
жаһандық әлемдегі Азия өңірі мен мемлекеттерінің арта түскен рөлін еске-
ре отырып, Қазақстан еуропалық ынтымақтастық векторын да лайықты
бағалайтынын куәландырады.
Достарыңызбен бөлісу: