НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан – Ресей: нақты істерге толы одақтастық



Pdf көрінісі
бет197/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан – Ресей: нақты істерге толы одақтастық
2000-жылдары Қазақстан Республикасы үшін Ресей Федерациясымен 
қарым-қатынас шешуші мәнге ие болды. Қазақстан – Ресей қатынастары-
ның қарқыны мен сапасы екі мемлекеттің ұстанымдарының маңыздылығы 
мен жақындығын айғақтай отырып, едәуір өсе түсті. Ресей Президенті 
екеу міз айына кем дегенде бір рет кездесіп, жеке кездесулердің қарқынды 
кестесін жиілете түстік.
2000 жылдың мамыр айында қызметке енді ғана кіріскен Владимир 
Путинмен мемлекеттік құрылыстың кейбір мәселелері бойынша пікір ал-
мастық. Владимир Владимирович Қазақстанда мемлекеттік билікті нығайту 
мәселесі қалай шешілетіні өзін «қатты қызықтыратынын» айтып өтті. Мен 
ресейлік әріптесіммен өз тәжірибемді бөлістім.
Менің түсінігімде, Путин – адам ретінде өте сенімді, сөзінде тұратын 
жан. В. Путиннің қандай жағдайда әрекет етуге тура келгенін еске алсақ 
та жеткілікті. Мен онымен 1999 жылдың 23 қыркүйегінде алғаш рет пре-
мьер-министр кезінде ресми кездестім. Алып мемлекетті басқарудың іс 
жүзіндегі оперативті тетіктері сол кездің өзінде оның қолында еді. Бо-
рис Николаевич Ельцин сол кездің өзінде, шамалауымызша, шешімге 
келіп қойғандай. Бірақ оны түсіну үшін менің ескі досымның мінезін білу 
керек – ол өз шешімін әп-сәтте өзгерте салатын еді. Владимир Влади-
мировичпен алғашқы кездесудің өзі-ақ оның заманауи, жігерлі де мақ-
саткер адам екеніне көзімді жеткізді. Ол ширақ, ұқыпты, жинақы болды. 
Бұл адамның әншейін көптің бірі емес, алысқа баратын тұлға екенін 
анық байқадым.
Мен Ресей үшін мықты басшы қашанда маңызды деп есептеймін. Біз де 
Ресейдегі мемлекеттік биліктің нығая түсуіне мүдделіміз. Өйткені күшті де 
біртұтас Ресей біздің ұлттық мүдделерімізге сай келеді. 
Қазақстан мен Ресейдің басшылары ретінде, біз елдеріміздің арасын-
дағы қарым-қатынастар деңгейін жаңа белестерге көтеру қажеттігін жақсы 
түсіндік. 2000 жылдың маусымында Қазақстан мұнайын тасымалдауды арт-
тыру қарастырылды. Ал қазан айында екі тарап «мейлінше қысқа мерзім 
ішінде» Каспий ортасындағы сызықты анықтауды міндет етіп алды. Сол кез-
де Астанада М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалын 
ашу мәселесі шешілді.
В.В. Путинмен алғашқы келісімдеріміздің өзі біздің елдердің нақты 
шешімдерге ниетті екенін көрсетті. Жаңа кезеңде екі мемлекеттің достық 
пен одақтастық туралы тезисі нақты істермен толықтырылды. 


314
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Каспий теңізінің солтүстік бөлігін межелеу бойынша қыруар шаруа атқа-
рылды. 2002 жылдың 13 мамырында Мәскеуде Каспий түбін игере бастауға 
мүмкіндік беретін маңызды Хаттамаға қол қойылды.
2002 жылдың мамыр-маусым айларында Ресейдің көптеген қалала-
рында Қазақстанның мәдениет күндері өтті. Ал 2003 жыл – Қазақстанның 
Ресейдегі жылы болды. Осы оқиғалар екі тәуелсіз мемлекеттің мәдени ын-
тымақтастығының шыңы іспетті еді. 
2003 жылдың мамырында Санкт-Петербургте қаланың 300 жылдық 
мерейтойына Қазақстан сый жасады – ақын Жамбыл Жабаев ескерткіші 
орнатылды. Ескерткіштің ашылу рәсімінде «осы қарапайым сыйлық біздің 
екі халықтың – қазақтар мен орыстардың, қазақстандықтар мен ресейлік-
тердің бауырластығының, достығының мәңгілік символына айналсын» де-
ген тілек айттым.
Өңіраралық, шекаралық ынтымақтастықтың бірегей форумдары жаңа 
тәуелсіз мемлекеттердің, жалпы әлемнің тәжірибесінде де Қазақстан – 
Ресей қарым-қатынастарының маңызды парағы іспеттес болды. Барлық 
форумдар екі ел президенттерінің басқаруымен, тек жоғары деңгейде өт-
кізіліп отырғанын ерекше атап өткен жөн.
Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының І форумы 2003 
жылдың сәуірінде Омбы қаласында өтті. ІІ форум – 2005 жылдың мамы-
рында Челябіде, ІІІ форум – 2006 жылдың қазанында Оралда, IV – 2007 
жылдың қазанында Новосібірде, V – 2008 жылдың қыркүйегінде Ақтөбеде, 
VI – 2009 жылдың қыркүйегінде Орынборда, VII – 2010 жылдың қыркүйегін-
де Өскеменде, VIII – 2011 жылдың қыркүйегінде Астрахань қаласында өтті. 
2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеуде Қазақстан – Ресей мемлекеттік 
шекарасына қатысты аса маңызды шартқа қол қойылды.
2006 жылдың мамырында Сочиде Владимир Путин екеуміз Солтүстік 
Каспийдегі газ кеніштерін пайдалану және қазақстандық жүктердің темір 
жол тарифі туралы келісімге келдік. Бұл Қазақстан экономикасы үшін өте 
маңызды еді. Ресей – Қазақстанның Еуропалық одақтан кейінгі екінші сауда 
әріптесіне айналды.
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы және Қазақстандағы Пушкин жылы бо-
лып жарияланды. Сәуір айында Мәскеудің орталығында, Қазақстан елшілігі 
жанында Абай ескерткіші ашылды. Мен осы салтанатқа Ресей көшбасшы-
сымен бірге қатыстым. 
2006 жылы қазан айында Орал қаласында Қарашығанақтан Орынборға 
жеткізілетін газ бойынша және газ өңдейтін бірлескен кәсіпорын құру ту-
ралы келісімге қол қойылды.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
315
2007 жылдың мамырында Ресей президентімен бірлескен шешім не-
гізінде Ангарск уранын байыту халықаралық орталығы ашылды.
В.В. Путинмен ұзақ жылдар бойғы қарым-қатынасымыздың маңызды 
қыры – ашықтық, жауапкершілік және өзара түсіністік еді. Ресей прези-
дентінің сөзі мен ісі ешқашан бір-бірінен алшақ кеткен емес. 
Әлемдік қаржы дағдарысының әсеріне қарамастан, 2008–2010 жылдар 
мемлекетаралық қатынастар дамуының келесі кезеңі бола алды. Қазақстан 
президенті Д.А. Медведевпен де, премьер-министр В.В. Путинмен де ор-
тақ қарым-қатынасты жоғары деңгейде ұстады.
2008 жылдың желтоқсанында Бурабайдағы «Қарасу» резиденциясында 
Д.А. Медведевпен бейресми кездесу өткіздім. Біз Кедендік одақ құру про-
цесін жеделдетуге келістік. 
2010 жылдың қыркүйегінде Өскеменде су нысандарына, пайдалы қаз-
балар кеніштеріне, темір жолға қатысты трансшекаралық мәселелер бой-
ынша келісімдерге қол қойылды.
Қандай қиын жағдай болса да, мен Қазақстан мен Ресей арасында 
шешілмейтін мәселе жоқ екеніне кәміл сендім. Барлық мәселелер келісімге 
келу мен уағдаластық арқылы шешіліп отырды. Сондықтан Қазақстан мен 
Ресей арасындағы мұқият үйлестірілген мемлекетаралық қарым-қатынас-
тар – әлемнің барлық елдері үшін үлгі және өзекті.
2000-жылдар белсенді де ашық қарым-қатынастардың игілікті нәтиже 
әкелетінін дәлелдеп берді. 2007 жылы желтоқсан айында МГИМО-да сөй-
леген сөзімде мен Дж. Кеннедидің АҚШ пен Канада қатынастарына қатыс-
ты айтқан: «География бізді көрші етті. Тарих бізді дос етті. Экономика бізді 
серіктес етті. Қажеттілік бізді одақтас етті», – деген сөзін еске түсірдім. Қа-
зақстан мен Ресейдің қатынасы да сондай болуын мен тілек ретінде айттым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет