Көпқырлы сыртқы саясат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында бай да бірегей сырт-
қы саясат тәжірибесін жинақтады. Екіжақты мемлекетаралық қарым-қа-
тынастардың, сондай-ақ өңірлік және жаһандық байланыстардың мықты
өзегі – жоғары деңгейлі саяси диалогтарды жүргізе білу. Осы факторға мен
ерекше, жіті мән бердім.
2000 жылдары көпқырлы сыртқы саясат берекелі жеміс берді, еліміздің
тұрақты дамуына және көлемді инвестициялар тартуға қомақты үлес қосты.
Егемен Қазақстан – жаһандық қоғамдастықтағы ұлттық-мемлекеттік
мүдделерді мұқият сақтап және қорғай отырып, әлемнің барлық елімен
тең дәрежеде тұрақты достық қатынас орната алған мемлекеттердің бірі.
Мен 2002 жылғы Жолдауда Қазақстанның геосаяси тұрғыдағы орнала-
су жағдайы мен экономикалық әлеуетіне барынша сай келетін, көпқырлы
сындарлы саясат жүргізу міндетін алға қойған едім.
Жедел өсу жылдары да, 2008–2009 жылдардағы әлемдік дағдарыс ке-
зеңі де көпқырлы экономикалықты, демек саяси байланыстарды да өріс-
тетудің қажеттігін дәлелдеп берді.
Жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығы жалпы алғанда сыртқы саясат-
тың көпқырлылығы және көпдеңгейлілігі – Қазақстанның егемен мемлекет
ретіндегі саналы және әбден ақылға салынған таңдауы болғандығын көр-
сетті.