НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Түркі әлемі мемлекеттерінің бауырластық



Pdf көрінісі
бет194/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Түркі әлемі мемлекеттерінің бауырластық 
ынтымақтастығы
Қазақстан үшін Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғыз-
стан тәрізді түркі әлемі елдерімен тығыз ынтымақтастықта болу ерекше 
маңызға ие.
Тығыз қарым-қатынаста болуымызға тілдік және конфессиялық туыс-
тық, тарихи-мәдени мұраның ұқсастығы негіз болды. Сондықтан 1993 
жылы түркітілдес мемлекеттер ТҮРКСОЙ түркі мәдениетінің халықаралық 
ұйымын құрған болатын. 
ТҮРКСОЙ аясында мәдени ынтымақтастық белсенді дамыды. Қазақ 
жазушыларының шығармалары түрік тіліне аударылды, мәдениет күндері 
өткізілді. ТҮРКСОЙ түркі әлемі үшін өзіндік ЮНЕСКО іспетті болды. 2008 
жылы ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшылығына еліміздің мәдениетіне елеулі үлес 
қосқан қазақстандық қайраткер Д.Қасейінов тағайындалды.
Әзербайжан астанасында 2005 жылдың мамырында «Баку-Тбили-
си-Жейхан» мұнай құбырының іске қосылуына байланысты өткен жоғары 
деңгейдегі кездесу түркітілді мемлекеттер арасындағы қатынастың қарқын-
ды дамып келе жатқанын көрсетті.
2006 жылдың қарашасында, бес жыл үзілістен кейін, Анталияда түр-
кітілдес мемлекеттердің VIII саммиті Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, 
Түркияның қатысуымен өтті. Кездесудегі басты оқиға – Түркітілдес мемле-


310
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
кеттердің парламенттік ассамблеясын құру туралы мен көтерген бастама 
болды. Кешікпей ол да жүзеге асты. Жаңа құрылымның алғашқы жина-
лысы 2009 жылдың қыркүйегінде – Бакуде, екіншісі 2011 жылдың сәуірінде 
Астанада өтті.
Түркі ынтымақтастығының дамуында түркітілдес мемлекеттер басшы-
ларының 2009 жылдың қазанында Әзербайжанның Нахичеван қаласын-
да өткен IX саммитінің маңызы жоғары болды. Онда мен өңірлік бірлестік 
ретінде – Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін және Түркі 
академиясын құруды ұсындым.
Түркия президенті А.Гүл саммиттен кейін өткен кездесуімізде бүкіл түркі 
әлемі туысқан түркі халықтарының бірлігі, ортақ тарихымызды зерттеу, мә-
дени байланыстарды дамыту ісіндегі Қазақстанның бастамаларын жоғары 
бағалайтынын айтты.
2010 жылдың мамыр айында Астанада Еуразиялық ғылыми форум өтті. 
Форум барысында Түркия президенті А.Гүл екеуіміз Түркі академиясын 
аштық.
2011 жылдың қазанында Алматыда Түркітілдес мемлекеттердің ынты-
мақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) I саммиті өтіп, оған мен төрағалық еттім. 
Саммитте сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтас-
тықты кеңейту мәселесі талқыланды. Түркі кеңесі саммиті жыл сайын өт-
кізіліп тұратын болды.
Түркітілдес мемлекеттердің жемісті ынтымақтастығы – Қазақстан 
Респуб ликасы дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан кең және жан-жақты 
еуразия лық өзара ықпалдастықтың маңызды да қажетті факторы екені-
не сенімім зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет