76
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
1991–1995 жылдары Әділет министрлігі
азаматтық қоғамды дамытуға
ықпал ететін 500-ден астам қоғамдық ұйымды тіркеді. Саяси партиялар,
бұқаралық
қозғалыстар, кәсіптік одақтар, әйелдер,
ардагерлер ұйымда-
ры, мүгедектер ұйымдары, жастар мен балалардың бірлестіктері, ғылыми,
техникалық, мәдени-ағартушылық, мәдени-спорттық және басқа да ерікті
қоғамдар, шығармашылық одақтар, қоғамдастықтар мен азаматтық қоғам-
ның басқа да институттары қоғамдық бірлестіктерге жатқызылды.
Бастапқы кезде ҮЕҰ стихиялы түрде барлық жерде құрылды. Көптеген
бірлестіктер жылдам құрылып, іле-шала жабылып жатты. Мемлекет өз та-
рапынан үкіметтік емес сектормен қарым-қатынастың
жалпы принцип-
терін жасады. Қазақстандық қоғамды әлеуметтік тұрғыда жаңғыртудағы
саяси-құқықтық тетіктердің маңызы барынша айқындала түсті. 1999 жылдың
желтоқсанында мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты республикалық
комиссия құру туралы қаулыға қол қойдым, әрі ол конструктивті әлеумет-
тік-экономикалық және еңбек қарым-қатынасын дамытуға бастау болды.
Барлық азаматтық қоғамның қалыптасуына 1995 жылы республикалық
референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы
үлкен ықпал етті. Жаңа Конституция идеологиялық және саяси әртектілікті,
қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігін паш етті.
Достарыңызбен бөлісу: