Бас қала – бақорда: Астананың ХХІ ғасырдағы миссиясы
Жаңа астана елдің кешегісін келешегімен біріктірді. Қазақстанның қақ
ортасынан орын тепкен қала – арғы ата-бабаларымыздың орындалған
арманы, ал Ұлы Дала – оның басты әлеуеті еді. Мен мұны бүгінгі Астана
тек қиялымда ғана өмір сүрген сонау 1990-шы жылдары-ақ ұғынған бола-
тынмын. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа шындығын мен «Еуразия жүрегінде»
деген әдемі метафора арқылы сипаттауға тырыстым.
Астана арқылы біз жаңа Қазақстанды жер-жаһанға таныттық. Алайда бұл
қаланы біз, ең алдымен, өзіміз үшін, өз Отанымыз үшін жаңадан ашқандай
болып отырмыз. Астана құрылысы бұл кезеңде бүкіл посткеңестік кеңістік-
тегі ең ауқымды мегажобаға айналып, еліміздің әлеуетін әлемге әйгіледі.
Бүгінде Астана – Қазақстанның жаңа тарихының жүрегі. Астананы мысалға
ала отырып, тұтас мемлекетіміздің даму барысын бажайлауға болады.
ХХІ ғасырда Астана Орталық Азияның саяси өмірінде маңызды орын
алатын қалаға айналды, оның аймақтағы процестерге әсер-ықпалы барған
сайын күшейе түсуде.
2010 жылдың 1–2 желтоқсанында Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде, сол
кезде осы ұйымның төрағасы міндетін атқарған мемлекетіміз Еуразиядағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа орай маңызды бастамалар көтеріп, кей-
ін сол жаңа саясаттың белсенді жақтаушысына айналды. Мен саммитте
сөйлеген сөзімде «Бүгін Еуразияның жүрегінде, байырғы қазақ жерінде
мыңжылдықтар бойы адамзат тарихын жасаған ұлы халықтардың үнқаты-
суы басталды, – дей келе, – алып Еуразия құрлығын сенім, дәстүр, ашықтық
және төзімділік сынды жалпы құндылықтарға негізделген ортақ кеңістікке
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
195
айналдыру – өз қолымызда. Біздің саммиттің тарихи маңызы мен атқарар
жүгі де осында деп білемін» деп сөзімді түйіндеген едім.
Қазақстанның жаңа елордасы – Астана тек алға ұмтылуды көздейтін-
мемлекет туралы идеяны айшықтай түседі, бірегей қазақстандық жолды
сипаттайды, Қазақстанның болашаққа ұмтылысын бейнелейді.
Қазір Астана көз алдымда көркейіп, өсіп-өркендеп келе жатқан уақыт-
та, мен оның дәл осылай құлпыра құбылатын күні қашан туатынын ар-
мандаған сәтімді еске аламын. Астана Шығыс пен Батыстың ұлы рухани
құндылықтарын бойына сіңірген асқақ мәдениеттің ордасы болатын күнді
аңсағаным жиі ойыма оралады. Біз Қазақстанды армандар ақиқатқа айна-
латын ел еттік.
196
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Достарыңызбен бөлісу: |