ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. 1. Қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігінде пайда болған ежелгі ел:
A)Финикия
B)Ассирия
C)Македония
D)Парфия
E)Персия
2. Орта ғасырларда Франциядағы король иелігі атауы:
A)Помещиктік
B)Домен
C)Графтық
D)Кортес
E)Герцогтік
3. XV ғасырда Африка жағалауындағы «Әулие Елена» аралын ашқан португалдық саяхатшы:
A)Фернан Магеллан
B)Христофор Колумб
C)Америго Веспуччи
D)Васко да Гама
E)Афанасий Никитин
4. 1867-1868 жылдардағы Жапониядағы императорлық билікті қалпына келтіру әрекеті аталды:
A)«Самурайлар төңкерісі»
B)«Ашық есік»
C)«Күріш бүліншілігі»
D)«Шығыстық король, батыстық техника»
E)«Мэйдзи қайта қалпына келтіру төңкерісі»
5. Ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің шығармасы:
A)«Домби мен ұлы»
B)«Евгений Гранде»
C)«Чайльд Гарольдтың сапары»
D)«Біздің заманның кейіпкері»
E)«Гобсек»
6. Шығыс Азиядағы кейбір елдердің шетелдік отаршыларға елді тонатпау үшін ұстанған «жабық есік» саясатының зардабы:
A)Мемлекеттілік жойылды
B)Ұлтаралық шиеленістер күшейді
C)Дүниежүзілік даму деңгейінен артта қалды
D)Діни алауыздықтар туды
E)Ұлттық ерекшеліктер құлдырады
7. АҚШ-тың басқарушы топтары Қиыр Шығысқа қатысты Париж шартының шешімдерін қайта қарап, талқылау қажет деп шешкен мәселе:
A)теңіз қарулы күштері туралы
B)репарациялық төлем туралы
C)соғыстың жоспары туралы
D)әскери техника түрлері туралы
E)жаңа одақ мәселесі туралы
8. Кеңес Одағының басшысы, тың және тыңайған жерлерді игеруді бастаған:
A)Ю. Андропов
B)К. Черненко
C)Н. Хрущев
D)В. Ленин
E)И. Сталин
9. Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылған келісім:
A)Минск
B)Брюссель
C)Кемп-Дэвид
D)Женева
E)Париж
10. Германия Ипр қаласы түбінде алғаш рет химиялық қару қолданған мерзім:
A)1914 жыл 9 қыркүйек
B)1915 жыл 22 сәуір
C)1915 жыл 22 қазан
D)1914 жыл 28 маусым
E)1914 жыл 4 тамыз
11. Өзін «Эхнатон» деп атаған ежелгі Египет билеушісі:
A)Тутанхамон І
B)Рамзес І
C)Рамзес ІІ
D)Аменхотеп IV
E)Тутмос ІІІ
12. Орта ғасырларда «орыс қалаларының анасы» деп аталған қала:
A)Мәскеу
B)Новгород
C)Тверь
D)Киев
E)Псков
13. Синус және косинустар теоремасын ашқан үнді математигі:
A)Джаймини
B)Калидаса
C)Нагарджун
D)Арьябхата
E)Харши
14. 1792 жылы Францияға қарсы әскери одақ құрған мемлекеттер:
A)Норвегия, Италия
B)Египет, Иран
C)Пруссия, Австрия
D)Англия, Швеция
E)Италия, Ресей
15. 1962 жылы Эвиан қаласындағы келісім бойынша тәуелсіздігін алды:
A)Сирия
B)Алжир
C)Тунис
D)Марокко
E)Египет
16. Берлин трактатына сәйкес Ресейге берілген жер:
A)Аланд аралы
B)Оңтүстік Бессарабия
C)Қара теңіз жағалауы
D)Гренгам аралы
E)Гангут мүйісі
17. Ауғанстанда Мұхаммед Дауд басқарған оппозициялық ұйым:
A)«Ангар»
B)«Ұлттық клуб»
C)«Нидан хальк»
D)«әл-Қайда»
E)«Ислам ұлттық қозғалысы»
18. 1696 жылы Азов бекінісін түріктерден тартып алған патша:
A)І Екатерина
B)VI Иван
C)І Николай
D)ІІ Петр
E)І Петр
19. Версаль жүйесі бойынша Франция басым жағдайға ие болған аймақ:
A)Еуропа
B)Африка
C)Тынық мұхит
D)Шығыс Азия
E)Таяу Шығыс
20. 1916 жылы Үндістан Ұлттық конгресі мен Мұсылмандар Лигасы өз съездерін шақырған қала
A)Ахмадабад
B)Лакхнау
C)Мадрас
D)Бомбей
E)Калпур