Нұсқа 2-мәтін Құс баптауға қажетті жабдықтар


Жаздың салқын болатындығын болжауға болатын өсімдік



бет15/16
Дата06.01.2022
өлшемі37,07 Kb.
#109954
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Оқу сауаттылығы (6)

1.Жаздың салқын болатындығын болжауға болатын өсімдік

  1. Гүл сабақтары

  2. Бидай дәндері

  3. Қандыағаш бүршіктері

  4. Сарғалдақ бүршіктері

  5. Өсімдік түптері

2.Ауа райы ашық болатындығының белгісі

  1. Өсімдік гүлдері ашылып тұрады

  2. Ағаш тамырлары жайылып тұрады

  3. Ағаш бүршіктері салбырап тұрады

  4. Қызғалдақ гүлдері жабылып тұрады

  5. Гүлдің сабағы иіліп тұрады

3-мәтін

1.Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз «Сұлудың көркі - шаш, шаштың көркі - шаштеңге» деп есептеген. ¥лт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған. Әйел шашы табиғатына қарай «қолаң шаш, сүмбіл шаш», өріміне қарай «жалғыз бұрым, қос бұрым» деп аталады. Оның әр талын «жібектей» деп, өрілген бұрымды «білектей» деп көркем сөзбен кестелеген. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын, күміс шолпы тағылатын сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі. Абай: «Қолаң қара шашы бар жібек талды», Ақан сері: «Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек», - деп әнге қосып, таңданған.

2.Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру - үлкен бір тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет - осының бір дәлелі. ІІІашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, тағатын зергерлік әсем бұйымдар бар. Шашты тарау үшін сиыр мүйізінен жасалған, тісі әтарақ қолданылған. Шашты жалтырату үшін шашмай жаққан.

3.Шолпы - шашқа тағатын және оның сәнін келтіретін сәндік бұйымдардың ішіндегі ең асылы. Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, сылдырмақ шолпы, көзді шолпы, алтын шолпы, күміс шолпы.

4.¥зын шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Әсем аяқ алысына үн қосып, ару сыны мен сымбатын арттыра түседі. Мұндай сұлуды халқымыз «сыңғырлаған күлкісіне күмбірлеген шолпысы үн қосады» деп ардақтаған. Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбелеп жасаған түрі - шаштеңге. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе шаш ұшына байланады.

5.Өмірден түйгені мол дана халқымыз: «Шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді»,-деп жорамалдаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет