Нұсқалар а желкенді кемені бағыттап жылдамдығын арттыру үшін пайдаланған в



бет5/8
Дата13.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#191250
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1нұсқа жауаппен

В) байтақ жер, кенге бай
С) шапшып шыққан, тулай
Д) күміс көбік, байтақ жер
24
Нұсқаулық:Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап бер.
Каспийдің күміс көбік толқынындай,
Бұрқанып жердің астын керней тулай,
Арналы алып Ембі шыңырауынан
Бұрқырап көкке шапшып шыққан мұнай.
Бұрғы сап жердің жетпіс қабатына,
Ағызған мұнайды ер қайратына
Сүйсініп елім көкке шарықтаған
Күш беріп самолеттің қанатына.
Жайнаған біздің байтақ жер кеңге бай.
Тең келер біздің елге ел бар қандай?!
Қанындай елдің соққан жүрегінің
Шалықтап өмір көлі- жатыр мұнай.
Тайыр Жароков.
Автор өлеңде мұнайды неге теңейді?
А) Ембі шыңырауына
В) байтақ жерге
С) самолеттің қанатына
Д)соққан жүректің қанына
25
Нұсқаулық:Мәтінді мұқият оқып,мазмұны бойынша тапсырмаларға дұрыс жауап бер.
Ақдауыл хан
Бір күні Ақдауыл хан қатты ауырады.
-Ақдауыл ханның денсаулығына қауіпті ештеңе жоқ. Ханды Ұлы теңіздің жағасына апарып, теңіз самалымен емдеу керек,- дейді атақты тамыршы.
Ұзақ жол жүріп,Ұлы теңізге жетеді. Теңіздің таза ауасы, гүл жазирасы дертті ханның көңілін хош ете алмайды. Ақдауыл хан бұрынғыдан бетер жүдей түседі.
-Ханды Үнді жағалауына алып бару керек . Сол жердің самал ауасы, ән-сазы дертінен айықтырады ,-деді бір дәруіш.
Ақ шатырлы хан кемесі Үнді еліне аттанады. Ақдауыл ханның көңілін Үнді елі де таба алмайды.
Ақыры ақ ордасына қайтқан хан нөкерлеріне:
-Елде білгір дәруіш жоқ па? -деп ақырады.
Нөкерлер сақал-шашы аппақ қудай бір қартты алып келеді. Олар:
-Шын дәруіш болсаң, ханның дертін тап!- деп айқайлайды.
Қарт дәруіш ханың тамырын ұстап:
-...Енді сізге өз туған жеріңіз, ана құрсағынан шыр етіп түсіп, алғаш қадам жеріңіз қызық болар. Оданда ат ізін үзгеніңізге нелер заман өтті ғой ,-дейді.
-Менің туған жерім бе?-дейді Ақдауыл хан.-Сонау Тозғантау маңындағы тар қуыстағы ескі жұртқа ма? Апарыңдар мені сонда!
...Ханды Тозғантау қуысындағы қыстаққа алып келеді. ...Ол ақ күймеден атып шығып, балаша мәз болып, айқай салады. Кәусар суынан сіміреді.
Хан ауруынан құлан-таза жазылыпты. Осыдан соң туған жерін ұмытпай, жиі-жиі келіп тұратын болыпты.
Бердалы Рысбеков
Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды тап.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет