Нұсқау карта №2 Жұмыс түрі: «Бағдарламалау» оқу тәжірибесі Топ


Паскаль программасының құрылымы



бет2/4
Дата10.12.2021
өлшемі160,43 Kb.
#78816
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Нұсқау карта

Паскаль программасының құрылымы: Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады, олар: Program, Begin, End.

Program тақырып жолы

СИПАТТАУ БӨЛІМІ



Begin

ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ



End.

Тілдің қарапайым құрылымы

Тілдің қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программада амалдардың орындалуына қажетті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндік шамалары болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін бұл шамалардың мәндерінің өзі емес, оны белгілеу атаулары идентификаторлар қолданылады. Бұл атаулар әр түрлі мәндерді (сандық мән, символдық мән т.с.с.) қабылдағандықтан, олардың типі деген ұғым енгізіледі. Енді осы мәселеге тоқталайық.



Мәлімет типтері

Программадағы мәліметтердің мәндері Паскаль тіліндегі келісімді мәліметтердің бір түріне жатуы тиіс. Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзіне тән бір түрмен ғана сипатталады. Тұрақты сандарды сыртқы пішініне қарап-ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар программаның сипаттау бөлігінде анықтала жазылып көрсетіледі. 

Мәлімет типтері қарапайым құрылымды-скалярлық және күрделі құрылымды-структуралық шамалар болып екіге бөлінеді. Бұл мәліметтердің әрқайсысының 4 түрі бар.

Қарапайым скалярлық: бүтін - ІNTEGER, нақты - REAL, логикалық - BOOLEAN және символдық - CHAR, ал күрделі структуралық массивтер - ARRAY, жазбалар - RECORD, жиындар - SET және файлдар -  FІLE болып бөлінеді.

Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді. Бүтін оң және теріс сандардың жазылуы да қарапайым: 6, -40, 1999, 0, т.с.с. Бүтін сандар -32768 бен 32767 аралығында ғана бола алады. Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегі нүкте арқылы ажырытылып жазылады. Мысалы: 3.023,-1.264, 5.0, -23.94. Ал өте үлкен немесе кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар түрінде жазылады:

Мысалы: -2.65Е-06, 3.9Е+04,  .61Е-02, -. 5ЕЕ+08.

Мұндағы Е әрпі “10-ның дәрежесі” деген мағынаны білдіреді. Санның бүтін бөлігі нөлге тең болса, ол жазылмайды, ал санның таңбасы оң болса, + белгісі қойылмайды. Нақты сандар  -1Е-38-ден 1Е38-ге дейінгі аралықта бола алады. Мәндері бұл аралықтан шығатын сандар үшін арнайы тәсілдер қолданылады.

Логикалық немесе бульдік тип “BOOLEAN” сөзі арқылы өрнектеледі. Бұл типтегі шама екі мәннің біреуін ғана қабылдай алады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет