Стандартты берiлгендер типтерiнiң жазылуы
Стандартты
|
Паскальда жазылуы
|
Диапазоны немесе мәндерi
|
Мәндi цифрлары
|
Байттық өлшемi
|
Бүтiнсанды
|
Integer
Byte
Shorint
Word
Longint
|
32768 ден + 32767 ден 255
128 ден +127
ден 65535
2147483648 де
2147483647
|
Барлығы
|
2
1
1
2
4
|
Нақты
|
Real
Single
Double
Extended
Comp
|
-1,7*1038 ден 1,7*1038
-3,4*1038 ден 3,44*1038
-1,7*10308 ден 1,7*10308
-1,1*104932 ден 1,1*104932
-2,263 ден 1-ге 2*263 нен-1
|
11...12
7...8
15...16
19...20
19...20
|
6
4
8
10
8
|
Логикалық
|
Boolean
|
True – ақиқат,
False – жалған
|
|
|
Символдық
|
char
|
Символдар жиынынан ғана мән қабылдайды: 'f' ‘L’ т.б.
|
|
|
Идентификаторлар
Идентификаторлар (атау) тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды т.б. обьектілерді белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі. Оның ұзындығы 8 символдан тұрады. Мысалы: X, X1, SERN45T3, ALFA99, P31PS161 т.с.с.
Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып бөлінеді. Стандартты атаулар тілдің объектілерін белгілеу үшін қажет, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек, мысалы: TRUE, FALSE, BOOLEAN, REAL, ABS, SІN т.б. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын түйінді сөздер де стандартты идентификаторға жатады, мысалы: ARRAY, PROGRAM, BEGІN, VAR, CONST т.с.с.
Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификатордан өзгеше болуы керек, мысалы: SURET1, CENA, MATERІAL, 2.25 т.с.с. Біздің келтіріп отырған мысалдарымызда тек латын алфавитінің үлкен, не кіші әріптерін ғана пайдалануға рұқсат етілген.
Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, кез келген уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Айнымалылардың белгіленулері: D, X1, X2, GAMMA, SUMMA т.с.с.
Айнымалыларды сипаттау VAR түйінді сөзінен басталады, одан кейін типі көрсетілген айнымалылардың атауы көрсетіледі. Мысалы:
Var
x, y, z: іnteger;
a, b, c: real;
d, r: char;
melі, bol: boolean;
Тұрақтылар (константа) деп программаның орындалу барысында өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға өзіміз программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек, ал сипаттау бөлімінде идентификаторды белгілегеннен кейін мәнді беретін боламыз. Тұрақтылар ІNTEGER, REAL, BOOLEAN, CHAR түріндегі мәндерді қабылдай алады.
Символдық тұрақтылар апостроф ішіндегі таңбалармен жазылады, мысалы, ‘A’. Логикалық түрдегі тұрақтылар - TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерінің біреуіне ие бола алады. Жалпы түрі:
Const < айнымалының аты > = < мәні>
Мысалы:
Const a=3; pі=3.14; g=9.8;
Тұрақтыларды анықтау CONST түйінді сөзінен кейін оларды сипаттап жазудан басталады. Әрбір тұрақты сипатталған соң (;) белгісі қойылады. Турбо Паскаль тілінде мән ретінде осыған дейін анықталған тұрақтылар мен стандартты функциялардан тұратын өрнектерді де пайдалануға болады.
Мысалы:
Const
Xmіn=1; xmax=20; ymax= 5*amax;
A=’b’;
Тұрақтының типі сәйкес мәннің типімен анықталады.
1. Бүтiнсанды типтi сипаттау
Ол келесiдей жазылады.
Program bolu;
Var a,b,s,s1:integer;
2. Нақты санды типтi сипаттау.
Var e,y,d,f:real; s,s1:integer;
3. Логикалық типтi сипаттау.
Екi сан берiлген. үлкенiн (max) табу керек. Айнымалылардың типтерiн анықта. Бұл арада Айнымалыларды логикалық типке жатқызбауға да болады. Екi сан әр типтi болса, оларды бiр бiрiмен салыстырған уақытта не бүтiн, не нақты сан алатынымыз белгiлi. Ал бөтiн сандар нақты сандар жинына кiретiнiн ескерсек, нәтиженi нақты деуге болады. Ол былай сипатталады:
Var a:integer; b:real;max:real;
Ал логикалық типке жатқызу үшiн екi санды бiр бiрiмен салыстыру шартын (a>b) көмекшi айнымалыға (мысалы у – ке) меншiктеп аламыз. Яғни y:=a
Var a:integer; b:real;max:real; y:boolean;
4. Символдық типтi айнымалыларды сипаттау.
Символдық типтегi мәндер программада текстер жазуға және сол тексте бiрнеше өңдеу операцияларын жүргiзуге мүмкiндiк жасайды. Мысалы: орфографиялық қателердi түзетуге, жекелеме әрiптердi немесе сөздi арасына енгiзуге, алып тастауға болады. Сонымен қоса әртүрлi ведомостарды, документтердi өңдеуге мүмкiндiк бередi.
Символдық немесе литерлiк тұрақты дегенiмiз дәйекшеге алынған тiлдiң кез келген символы.
Мысалы: 'A', ‘+’, ‘9’, ‘:’.
Ал программада бұлардың типi char сөзiмен сипатталады; Мысалы: Мос және Ква сөздерi берiлген. Москва деген қаланың атын экранға шығару керек. Л үшiн берiлген 1 – шi мәндi бiр айнымалыға, 2 – шi мәндi тағы басқа айнымалыға, алынған нәтиженi тағы басқа айнымалыға меншiктеймiз. Сонда былай болу мүмкiн:
var s1,s1,s:char;
begin
s1:=’Moc’;
s2:=’Kва’;
s:=s1+s2;
write(s)
end
Белгілерді сипаттау
Программадағы белгі оның бөліктерінің біртіндеп орындала бермей, белгілі бір жағдайларға байланысты кейде алға, не соңына оралу керек екендігін білдіреді. Сондай-ақ басқа бір жолдарға сілтемесі бар бөліктерде ғана белгілер орналасады. Белгілер LABEL (белгі) сөзінен басталады да, одан кейін программада қолданылатын белгілер жазылады. Белгі ретінде 0-ден 999-ға дейінгі оң бүтін сандар және идентификаторлар пайдаланылады. Жазылу үлгісі:
LABEL N1,N2,N3,?,NK;
Мысалы: LABEL 1, 5, 20, pl, st;
Операторлар бөлігіндегі бір қатарға қойылған белгі келесі сөз тіркестерінен қос нүкте (:) арқылы ажыратылып жазылады.
Мысалы: Екі бүтін санның қосындысын табу программасын құрайық.
Program esep1;
Var a, b, c: integer;
Begin
Readln (b, c);
A:=b+c;
Writeln (‘a=’, a);
End.
3. Қорытынды сұрақтары
Енгізу/шығару операторлаын ата?
Шығару операторлары write және writeln екеуінің айырмашылығы бар ма? Неде?
Ал енгізу операторларында ше?
Есепті шығару
Дөңгелектің ауданын табатын бағарлама құрастыр, дәптерге блок схемасын сыз.
Блок схемаға қарап бағдарлама жаз.
Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f берілген. Қайсы үшбұрыштың ауданы үлкен екенін анықтау қажет.
ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру бөлімі:
1.1. Жоқ студенттердің белгісі
1.2. Тексеру спец. киім, сыртқы түрі.
1.3. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
2. Кіріспе нұсқаулық:
2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау (алдағы қызметтің уәждемесі).
2.2. Тірек білім мен іскерлікті өзектендіру.
2.3. Ағымдағы нұсқамаға тапсырма беру.
3. Ағымдағы нұсқаулық: Студенттердің өзіндік жұмысы: (оқу-өндірістік жұмыстардың, оқушылар студенттер сабақтағы тапсырмаларының тізімі), студенттердің жұмыс орындарын жоспарлы тексеру: (жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылуын тексеру)
4. Қорытынды нұсқаулық: Студенттердің жұмысын қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |