Нұсқаулар / құраст. А. Б. Искакова, Б. Ш. Мурзалинова. Павлодар : Кереку, 2009. Б. 27 б. Әдістемелік нұсқауда «Физика»


Фотоэлементтің құрылысы және жұмысы



бет8/13
Дата17.09.2022
өлшемі0,56 Mb.
#149794
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
НУЛЕВОЙ СРЕЗ ПО РЯ 8 КЛАСС
Фотоэлементтің құрылысы және жұмысы



68.1 сурет

Жарық сигналын электрлікке түрлендіретін сәулелендіргіш қабылдағыштар, фотоэлементтер деп аталады. Сыртқы фотоэффект вакуумды фотоэлементтердің жұмысының негізінде жатыр. Вакуумды фотоэлемент (68.1 сурет) шыны баллоннан 1, оның ішкі қабырғасына жағылған және фотокатод болып табылатын фотоэлектрлік сезімтал қабаттан 2, сонымен қатар анод болып табылатын электрондар коллекторынан 3 тұрады. Баллонда қысымы 10-7мм сынап бағанасындағы болатын вакуум жасалады. Сурьма-цезилі және оттегі-күмісті фотокатодты фотоэлементтер көп тараған. Егер фотоэлементке кернеу түсірсе, онда фотокатодты жарықтандырудың салдарынан тізбекте ток пайда болады.


Сыртқы фотоэффектті фотоэлементтердің негізгі сипаттамалары:
1) сезімталдылық, интегралдық және спектралдық сипаттама – ( -фототок өзгеруі, яғни жарық ағынының шамасына өзгеруі; - монохроматты ағынның толқын ұзындығымен өзгеруі);
2) жарықтық сипаттама –фототоктың жарық ағынынан тәуелділігі (фотоэлементте кернеу тұрақты болған жағдайда);
3) вольт-амперлік сипаттама – фототоктың фотоэлементтегі кернеуден тәуелділігі (жарық ағыны тұрақты болған жағдайда).
Вакуумды фотоэлементтің артықшылығы, олардың тұрақтылығы және жарық ағыныны мен фототоктың сызықтық тәуелділігі болып табылады.
Бірақ олардың сезімталдығы жоғары емес (1лм жарық ағынына 20-100 мкА). Фотоэлементтерді техникалық қолдану кезінде әлсіз бастапқы фототоктарды алдымен фотоэлементтердің өзінде күшейту қажеттілігі туындайды. Фотоэлемент қысымы төмен (-10-2мм сынап бағанасындағы) қандай да бір инертті газбен толтырылады. Токтың күшеюінің себебі катодтан ыршып шыққан фотоэлектрондар электр өрісінен үдеу алып газ молекулаларын иондайтындықтан болады, яғни жаңа электрондар туындайды. Газбен толтырылған фотоэлементтердің сезімталдығы біршама жоғары, бірақ олардың инерционалдығы да жоғары және вольт-амперлік сипаттамасы сызықты емес, ал ол болса олардың қолдануын шектейді. Бастапқы фототокты қосымша электродтардан алынған екінші электронды эмиссияның көмегімен күшейтудің басқа бір әдісі фотоэлектронды көбейткіш деп аталатын– ФЭУ құралдың негізінде жатыр. Ондай электродтар 10-15 шамасында. Бұл жүйелердің күшейткіш коэффициенті 107 - 106 -ке, ал ФЭУ интегралды сезімталдығы мың ампер люменге дейін жетеді. Соның нәтижесінде шағын жарық ағының тіркеуге болады. Қазір біркаскадты және көпкаскадты фотокөбейткіштер кең қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет