Нұсқаулар / құраст. А. Б. Искакова, Б. Ш. Мурзалинова. Павлодар : Кереку, 2009. Б. 27 б. Әдістемелік нұсқауда «Физика»



бет7/13
Дата17.09.2022
өлшемі0,56 Mb.
#149794
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
НУЛЕВОЙ СРЕЗ ПО РЯ 8 КЛАСС
Бақылау сұрақтары



  1. Жарық толқыны деген не?

  2. Неліктен электр өрісінің кернеулік векторы жарық векторы болып табылады?

  3. Жазық поляризацияланған жарықты қалай алуға болады?

  4. Малюс заңын жазу және түсіндіру.

  5. Поляризация қандай толқындардың сипаттамасы?

68 Зертханалық жұмыс. Вакуумды фотоэлементті зерттеу




Жұмыстың мақсаты: Вакуумды фотоэлементтің вольт-амперлік және жарықтық сипаттамаларын алу; Вакуумды фотоэлементті зерттеу.


Теориялық кіріспе

Электромагнитті сәулелендірудің әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуын фотоэлектрлік эффект немесе фотоэффект деп атайады. Фотоэффекттің үш түрі бар: сыртқы, ішкі және вентильді. Егер электрондар жарық түсірілген дененің бетінен қоршаған ортаға ыршып шықса, фотоэффект сыртқы деп аталады және ол металдарға тән.


Сыртқы фотоэффект үшін Столетовтың келесі заңдары белгіленген:
1) фотоэффект инерциалды емес, яғни жарықтандыра бастаған мезетпен фотоэлектрондардың пайда болуының арасында кешігу жоқ;
2) заттың бетінен бірлік уақытта ыршып шығатын электрондар саны түскен, жарықтың спектралды құрамы өзгермеген жағдайда, жарықтың интенсивтілігіне тура пропорционал;
3) заттан ыршып шығатын электрондардың жылдамдығы, жұтылатын жарықтың жиілігінің функциясы болып табылады. Жиілік артқан кезде фотоэлектрондардың жылдамдығы, яғни, олардың бастапқы кинетикалық энергиясы да сызықты артады;
4) әр бір зат үшін анықталған қандай да бір минимал жиілік бар, егер жарық жиілігі одан төмен болса фотоэффект байқалмайды. Ол жиілік фотоэффекттің қызыл шегі деп аталады.
Эйнштейн кванттық үрдістерде энергияның сақталу заңының негізінде электрондардың жарықтың әсерінен ыршып шығу кезіндегі энергиясы мен сол жарықтың жиілігінің арасындағы сандық байланысын анықтаған; яғни Эйнштейн теңдеуі


(68.1)

мұндағы = 6,6210-34Дж с –Планк тұрақтысы;


- түскен жарықтың жиілігі;
- түскен фотонның энергиясы;
m – электрон массасы;
- ыршып шығатын электронның жылдамдығы;
- электронның металдан шығу жұмысы.
Бұл теңдеуді былай түсіну қажет: энергиясы фотон металға түскен кезде өзінің энергиясын электронға береді. Ол энергия, біріншіден, электронның металдан шығу жұмысын атқаруға, екіншіден, электронға кинетикалық энергияны беруге жұмсалады. Егер болса фотоэффект байқалмайды. Заттардың көбі үшін фотоэффекттің қызыл шегі спектрдің ультракүлгін бөлігінде жатыр және тек сілтілік металдар үшін ол көрінетін және кейде инфрақызыл бөлігінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет