Нұсқаулар / құраст.: Г. Р. Кабжанова, У. Д. Буркитбаева. Павлодар : Кереку, 2011. 44 б. Бұл әдістемелік нұсқауларда «Топырақтану»



бет4/27
Дата08.02.2022
өлшемі61,72 Kb.
#117991
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Топырақтану

Жылтырлық – бұл минерал бетінің жарық шағылыстыру қасиеті. Бұл белгісіне байланысты минералды екі топқа бөледі: металдық жылтырлық және металдық емес жылтырлық:

  1. металдық-жылтырлық жаңа сынған метал жылтырлығын еске түсіреді. Әр түрлі метал рудаларына тән (пирит,магнезит), табиғи кесек (алтын) түрінде кездесетін элементтерде де байқалады. Бұл топқа жартылай металдық жылтырлығы бар. Метал жылтырлығына жақын, бірақ ондай айқын емес минералдар жатады.




  1. металдық емес жылтырлық бірнеше түрге бөлінеді:

  • алмаз тәріздес – айқын, ұшқын атқан жылтырлық, алмаз, мырыш алдамшысына тән;

  • шыны тәріздес – шыны бетінің жылтырлығын еске түсіреді, бұл түрге көпшілік минералдар кіреді (тау хрусталі, кальцит т.б.);

  • құлпырма жылтырлық бірнеше құлпырып тұрады слюда, талькте байқалады;

  • жібек тәріздес – жібек жіптерінің жылтырлығы тәріздес талшық және ине тәріздес құрылысты минералдарда байқалады;

  • майлы – минерал бетінің май жаққандай болуымен сипатталады.

Жұмсақ минералда (тальк) байқалады;

  • солғын – бетінің жылтырауымен сипатталады (боксит, каолин т.б.) жылтырлықты жаңа сынған (омырылған) минералға қарап анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет