Бақылау сұрақтары
Тау жыныстарының сыртқы белгілерін атап беріңдер?
Тау жыныстарының құрылысының және текстурасының негізгі түрлерін сипаттап беріңдер?
3) Магмалық, метаморфты, шөгінді тау жыныстары қандай жолдармен пайда болады?
Әдебиет [1], [2], [8].
Тақырып. Топырақ түзуші жыныстар
Сабақтың мақсаты: негізгі топырақ түзуші жыныстармен танысу, қасиеттерін, классификациясын және өз бойында дамушы топырақтардың сапасына әсерін анықтау.
Тапсырма:
топырақ түзуші жыныстардың классификациясы негізімен танысу (1 кесте);
жыныстар коллекциясын және анықтағышты қолданып қасиеттерін сипаттау;
Солтүстік Қазақстанның негізгі топырақ түзуші жыныстарын анықтап атау.
Көрнекі құралдар: топырақ түзуші минералдар коллекциясы.
Топырақ түзуші жыныстар классификациясы құралуы бойынша топырақ түзуші жыныстар бөлінеді:
біртекті (шығу тегі және механикалық құрамы бір);
қостекті (2 қабаттан құралған);
көптекті (шығу тегі және механикалық құрамы әртүрлі 2-ден артық қабаттан құралған).
Құралуы және қабаттардың орналасу тәртібі өң бойымен ылғалдың жылжуына және қабаттарға бөлінуіне көп әсер етеді. Бір текті жыныстарды ылғалдың таралуы бір қалыпты болады.
Химиялық құрамына қарай топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:
карбонатты (HCI – нан қайнайды);
лезде еритін тұздармен қаныққан;
гипсті (құрамында созыңқы сары кристалл түріндегі гипс бар);
глейленген (өте ылғалды, байланысты көк жасыл түсті балшық топырақ оның түсі құрамында темірдің шала тотық тұздарының көп болуына байланысты);
карбонатсыз (HCI – нан қайнамайды).
Механикалық құрамы бойынша топырақ түзуші минералдар (құмды, құмайт, құмбалшықты, балшықты, тасты) шығу тегіне қарай сипатталуын бірінші кестеден қараңыз.
кесте - Топырақ түзуші жыныстарды анықтағыш
Пайда болу жолы
|
Жынысқа тән ерекшеліктері
|
Таралуы және топырақ
қасиеттеріне әсері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |