НұСҚаулар «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері»


Магистранттар істей білуі тиіс



бет2/12
Дата19.12.2023
өлшемі317,5 Kb.
#197661
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Документ (5), Бағдарлама 9-сынып 7.9(ХХ ғ. 20-30 жылдардағы мәдениет)
Магистранттар істей білуі тиіс:
Магистранттар бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.
Дәріс тақырыптары


1-тақырып. Қазіргі әдебиеттану ғылымы және оның даму бағыттары


Қазақ әдебиеттану ғылымы алдында тұрған келелі міндеттер. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің қазіргі жай-күйі. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Ш.Құдайбердиев, т.б. ғалым-қаламгерлердің қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына, сынына қатысты ой-пікірлері мен тұжырымдары және оған қазіргі көзқарас. Әдебиеттанудағы халықтық, ұлттық мәселелер. Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің таптығы, партиялылығы деген пікірлердің саяси-идеялогиялық астары, социалистік реализм әдісі және оны бүгінгі күн тұрғысынан бағалау.
Төңкеріске дейінгі әдеби сын. Жеке әдеби тұлғалар мен әдеби процесс туралы ой-пікірлер. Қазіргі әдеби сынның даму бағыттары.
Әдебиет:
1.Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000 ж.
2. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001ж.
3. Сәтбаева Ш.К. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.3., 2000 ж. -567 б.
4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш зерттеу мен өлендер. 2003.
5. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. 2002 ж.
2-тақырып. Әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы жаңа проблемалары
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жеке адам мен қоғамдық санаға ықпал-әсері. Технократтық индустрия негізінде жоғары дамыған елдердің мәдениеті мен өнеріндегі, әдебиетіндегі интеграциялық процестердің көрінісі және оған қарсы интеллектуалдық ағымдар күресі. Әлемдік әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістердің мәні мен маңызы, беті мен бағыты. Еліміз тәуелсіздік алғаннн кейінгі кезеңдегі әдеби әдіс мәселесінің қайта қаралуы. Отаршылдық кезең мен кеңес дәуіріндегі тоталитарлық жүйенің көркем әдебиетте реалистік тұрғыда бейнеленуі.
Дәстүрлі, классикалық, эстетикалық көзқарастар сипатындағы әлемдік өзгерістер.
Әдебиет:
1.Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000 ж.
2. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001ж.
3. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш зерттеу мен өлендер. 2003.
4. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. 2002 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет