13-тақырып. Дәстүр және жаңашылдық
Қазақ поэзиясында Абай дәстүрі және ақын салған соны соқпақ. Өлең өріміне қатысты жаңа көзқарастар.
Әуезовтың әсемдік әлемі, талант және шеберлік. Дәстүрге айналған жаңалық және дәстүрлі бұзған жаңалық қатынастары.
Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Бөкеев прозасындағы дәстүр жалғастығы мен жаңашыл шешімдер. Көркемдік ізденістер, интеллектуальдық толғамдар, мифологизм элементтері, т.б.
Әдебиет:
1.Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000 ж.
2. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001ж.
3. Сәтбаева Ш.К. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.3., 2000 ж. -567 б.
4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш зерттеу мен өлендер. 2003.
5. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. 2002 ж.
14-тақырып. Төңкерісшіл ақын-жазушылар туралы бүгінгі көзқарас
Төңкерісшіл ақын-жазушылардың ұстаған саяси бағыттары және оның идеялық негізі. Қазақ әдебиетіне қосқан олардың шығармашылық үлесі. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармаларындағы дәуір шындығы және олардың бейнелеу тәсілдері. Олардың шығармаларының көркемдік деңгейі. Төңкерісшіл ақын-жазушылар туралы қазіргі әр түрлі ой-пікірлер.
Әдебиет:
1.Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000 ж.
2. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001ж.
3. Сәтбаева Ш.К. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.3., 2000 ж. -567 б.
4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш зерттеу мен өлендер. 2003.
5. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. 2002 ж.
15-тақырып. Көркем шығармашылықтағы әдеби сынның ролі. Қазіргі әңгіме жанрының даму ерекшеліктері.
Қазақ әдеби сынының қазіргі жай-күйі. Сынның көркем шығармашылық процеске әсері. 20, 30, 40, 50, 60 жылдардағы әдеби сын және оның даму, өркендеу жолдары. Қазіргі сындағы тоқыраушылықтың сыры мен сипаты. Ұлттық әдеби сынның болуы мүмкін бе және оған ғылыми-деректілік тұрғысынан берілер жауап.
Қазіргі қазақ әңгімесі. Оның жанрлық ерекшеліктері. Әңгімедегі мінез мәселесі. Әңгімедегі тартыс туралы соңғы ғылыми тұжырымдар. Әңгіменің өткені мен ертеңі туралы болжамдар. Қазақ әңгімесінің образдық жүйесі. Әңгімедегі романтикалық сарын.
Әдебиет:
1.Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000 ж.
2. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001ж.
3. Сәтбаева Ш.К. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.3., 2000 ж. -567 б.
4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш зерттеу мен өлендер. 2003.
5. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. 2002 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |