Сабақтың мақсаты: кеңестік ұжымдастыру, отырықщыландыру, жеке меншікті жою салдарының сипатын ашу. Қазақстандағы ашаршылықтың зардабынан демографиялық дағдарыстың туындауын, қазақтардың үлес саламғының өзгерісіне жаппай қоныс аударудың ықпалын көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар:соңғы жылдары жарияланған отандық және шет ел зерттеулеріндегі көзқарасты талдауы тиіс. Сонымен қатар жарияланған мұрағат құжаттары бойынша ашаршылыққа ұшыраған, тыс жерге қоныс аударған, көтерілістердің сипатын көрсететін статистикалық контент құрастыруы қажет. Осы тақырыпқа қатысты әдеби шығармалар, көркем фильмдерді жеке адам тағдыры тұрғысында талқыға салу қажет. Семинар сабағы көрнекті ойын түрінде өтеді.
Баға қою критерийі
- оқу жоспары мен пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкестігі – 20 балл
- үй тапсырмасын уақтылы орындау – 20 балл
- мемлекеттік бағдарламалар, мемлекет деңгейінде жүзеге асырылатын тарихи іс-шаралармен байланыс – 20 балл
- өзіндік ой-пікір және қорытындының болуы – 30 балл
- семинардың кәсіби бағдары, семинар тақырыбының студенттің болашақ мамандығымен байланысы – 10 балл
Ұсынылатын әдебиеттер:
Абылхожин Ж. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. — Алматы, 1998.
Омарбеков Т. Голодомор в Казахстане (хрестоматия). – Алматы, Қазақ университеті., 2011.
Омарбеков Т. 1929-1931 жылдардағы халық көтерілістері. Алматы: «Арыс», 2018.
Марта Брилл Олкотт. «Коллективизация в Казахстане», Российский Обзор 40, ном. 2 (1981 г.): 122-142.
Сара Камерон, «Голодные степи: советский Казахстан и казахский голод, 1921-1934 гг,» (докторская дисс., Университет Йэля, 2010 г.); Голод казахов по данным Западной историографии. Источник: https://e-history.kz/ru/contents/view/1432
НикколоПианчиола «Голод в степи: коллективизация сельского хозяйства и казахских скотоводов, 1928-1934 гг.» CahiersduMonderusse 45 ном. 1-2(2004 г.):137-192.
Достарыңызбен бөлісу: |