Нұсқаулар және бағалау критерийлері: рос қр женилонеркасип дамуы гылыми жоба кириспе дайндау презентация туринде



бет2/18
Дата28.06.2022
өлшемі47,21 Kb.
#147175
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
семинар каз тарих (1)

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Т. 1, 2, 3 томдар. – Алматы: Атамұра, 1996, 2002, 2010.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. Төрт кітаптан тұратын оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
2. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. – Алматы, Заң әдебиеті, 2009.
3. Бекмаханов Е. ХІХ ғ. 20-40 жж. Қазақстан. – Алматы, Қазақ университеті, 1992.
4. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі. 11 қыркүйек 2015. http://www.akorda.kz/kz/speeches/internal_political_affairs/in_speeches_and_addresses/memleket-basshysy-nenazarbaevtyn-kazak-handygynyn-550-zhyldygyna-arnalgan-saltanatty-zhiynda-soilegen-sozi
5. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы, 2015.
6. АяғанБ.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
2 семинар. 2-апта. 2 сағат. 15 б
Тақырып: Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялыларының қызметі. "Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, "Алаш", "Үш Жүз", "Шуро-и Исламия", "Шуро-и-улемия" және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу.
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы, саяси партиялардың құрылуы мен ұлт зиялыларының қызметін, Алаш қозғалысының тарихи маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Алаш қозғалысының тарихы, ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар, қазақ халқының саяси көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне байланысты студенттер ізденіп, жаңа әдебиеттерді жариялаудың тарихи маңызын анықтайды. ХХ ғ. басында құрылған саяси партиялар және қозғалыстарға арналған ғылыми-зерттеу жобасын әзірлейді.
Баға қою критерийі
- оқу жоспары мен пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкестігі – 20 балл
- үй тапсырмасын уақтылы орындау – 20 балл
- мемлекеттік бағдарламалар, мемлекет деңгейінде жүзеге асырылатын тарихи іс-шаралармен байланыс – 20 балл
- өзіндік ой-пікір және қорытындының болуы – 30 балл
- семинардың кәсіби бағдары, семинар тақырыбының студенттің болашақ мамандығымен байланысы – 10 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет