Нұсқаулар Педагогикалық колледждің студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал



бет9/43
Дата17.04.2022
өлшемі246,65 Kb.
#139729
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
metod rekom kyrsov 2014 kz
дача, ҰБТге дайындық кітабы, 9364 ожсб тест ватсаб

3 кезең. Курстық жұмысты безендіру


Мәтіндерді безендіруге қойылатын талаптар:
Курстық жұмыс стандартты А4 форматтағы парақта орындалады. Сол жағынан – 3 см, оң жағынан – 1 см, жоғары және төменгі жағынан – 2 см қалдырылады.
Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі компьютерде терілген 25 беттен кем болмауы керек.
Мәтін Times New Roman шрифтісімен теріледі. Шрифт размері 12-14 кегль. Шрифт түсі қара. Мәтінді екі шету бойынша туралау, азат жол (абзацтың бірінші жолы) – 1,25 немесе 1,27 см, жоларалық интервал – біржарым, абзац алдында және абзацтан соң интервал салынбайды.
Бөлім, тарау атаулары, сурет пен кестеге қойылатын жазбалар жаңа жолда орналасады. Бөлім, тарау атаулары бас әріппен, қою, 16 – шы шрифтімен жазылады. Әрбір тарау жаңа беттен жазылады. Тарау атауы мағынасына сай болуы қажет. Оның атауы парақтың ортасына жазылады. Сөйлемнің соңынан нүкте қойылмайды. Егер тақырып бірнеше сөйлемнен тұрса араларына нүкте қойылады. Тақырыптардың аты мәтіннің жоғары және төмен жағынан 3 интервалмен бөлінеді.
А4(210х297) форматының бір жақ бөлігіне баспаға шығарылады, 203х288 мм. форматты қолдануға болады, бір жолда 60-65 белгі болады, азат жол 5 белгіден тұрады, бір бетте 28 – 30 қатар болады.
Мәтін беттерінің рет саны төменгі жақта, парақтың ортасында араб санымен белгіленіп, 3-беттен басталады. Титулдық парақ пен жоспарға реттік саны қойылмайды, бірақ ағымдағы түрде курстық жұмыстың бірінші және екінші парақтарына орналасады.
ЖОСПАР, МАЗМҰН деген сөздер бас әріппен жазылады.
Кестелер, суреттер мен сызбалар өздері бөлек нөмірленеді. Суреттер мен сызбалардың атаулары нысанның төменгі бөлігінде ортасына тураланып жазылады.



Ішкі жады (орындалатын программаны және
өңделетін берілгендерді сақтайды)





Сыртқы жады (ақпаратты ұзақ сақтау үшін)
ақпарат қозғалысы


басқару сигналдарын

1-сурет. Компьютердің функционалдық сызбасы


Сілтемелер мен ескертулер сол орналасқан парағында көрсетіледі.
Кесте бір- бірнеше обьектілерді сандық және сөздік ақпаратты баяндау, көрсеткіштерді салыстыру үшін үшін қолданылады. Кестені мәтіннен кейін орналастыру қажет. Барлық кестелерге сілтеме беруі тиіс. Кесте атауы кестенің жоғарғы жағында ортасында орналасады. Келесі жолда кестенің жоғарғы оң жағында «кесте» сөзі және реттік номері көрсетіледі. Кесте араб сандарымен белгіленеді. Кестені басқа бетке ауыстырғанда оның атауы бірінші бетке түсіріледі, келесі бетке оң бұрышына “кестенің жалғасы...” деп көрсетіледі. Мысалы:

Санау жүйелері


1-кесте

Позициялық

Позициялық емес

2359,407

МСХХII

Цифрдың мәні оның орналасқан
орнына тәуелді

Цифрдың мәні оның орналасқан
орнына тәуелді емес

Курстық жұмыс көбінесе келесі құрылымда беріледі (жақша ішінде көлемі үлгі ретінде):




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет