ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Психология
«6B060106 Жасанды интеллектісі бар жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер», «6B06107 Деректер туралы ғылым», «6B07113 Интеллектуалды басқару жүйесі», «6B05302 Киберфизика», «6В05303 Техникалық физика», «6В05305 Физика және нанотехнология», «6В01101 Педагогика және психология», «6B07112 Жылу энергетикасы», «6B07105 Материалтану және материалдар технологиясы», «6B01401 Дене шынықтыру және спорт», «6B02207 Шығыстану»
Кредит саны – 2.
Алматы, 2023
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптар
Өзіндік жұмыстардың мазмұны мен формасына мынандай талаптар қойылады: Жұмыс жоспары екі немесе төрт бөлімшеден артық-кем болмауы керек, ерекше бір жағдайда ғана бес бөлімше болуы мүмкін.
Жұмыстың мазмұны, әртүрлі монографиялар мен ғылыми мақалаларды оқып-талдаудың нәтижесінде құрылуы керек. Аяқталған өзіндік жұмыстардың мынандай көрсеткіштері болуы қажет: біріншіден, докторант зерттеп отырған тақырыбының мәнін, теориясы мен тарихын терең танып-білгендігін көрсету; екіншіден, автор мәдени құбылыстарды талдай отырып, оларды әртүрлі ғалымдар мен ғылыми ағымдар көзқарасы тұрғысынан түсініп, бағалай білу; үшіншіден зерттеп отырған мәдени құбылыстың өзектілігін, оның тарихтағы орны мен қазіргі заманғы маңызын ашып дәлелдеу.
Өзіндік жұмыстарда осы мәселеге қатысы бар деген пікірлер мен концепцияларды атап көрсетіп, олардың авторлары мен жазған еңбектерінің атын атап, тексте келтірілген сілтемелер болса нөмірлеп белгілеп қою қажет. Бір мәселе бойынша көп түрлі пікір қалыптасқан болса, оларды салыстыра отырып, автор өзінің түсінігіне сәйкес келетін біреуін негізге алуға тиіс. Ғылыми жұмыстың құндылығы да, докторанттың жеке өзінің пікірінің қалыптасуы және соны айғақты түрде дәлелдей алуымен бағаланады. Мәселенің мәнін ашатын жақтарына назар аудара білу, фактілер мен уәждер арқылы тұжырым жасай алатындығы, жұмыстың деңгейін көтере түседі. Жұмыстың мазмұны логикалық тұрғыдан дұрыс және жасалған жоспарға сәйкес болуы шарт. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде, автор, осы семестрлік жұмыстың мақсаты мен мұратын, тақырыбтың өзектілігін атап өтіп, осы мәселеге қатысты әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды. Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар айтылады және солардың нәтижесі ретінде түйіндеме жасалып, семестрлік жұмыс аяқталады. Жұмыстың сыртқы формасына келсек, оның көлемі 8 - 10 компьютерлік қағаз беті шамасынан кем болмауы керек, кіріспе, қорытынды және сыртқы бетін қоспағанда. Жұмыстың әрбір бетінде орын қалдырылып, тараулардың аттары жазылып, сілтемелер бет соңында көрсетілуі қажет. Жұмыстың сыртқы беті ғана машинкада немесе компьютерде теріліп, негізгі мазмұны көрнекті және түсінікті жазумен, таза және түзетулерсіз қолмен жазылған болуы керек.
Оқу курсы мазмұнына сәйкес өзіндік жұмыс тапсырмалары:
|
Апта / күні
|
Тақырыптар атауы (дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖ)
|
Сағат саны
|
Максималды балл
|
1
|
2
|
3
|
5
|
|
І Модуль. Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға психологиясы
|
|
|
1
|
БӨЗ 1.
№1 тапсырма: Сәттілікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы талдау арқылы «Менің өмірлік жоспарым» атты жоба ұсыну.
№2 тапсырма: «Қарым-қатынас процесіндегі эмоцияның көрінуі» бейнеролик жасау немесе «Менің эмциялық әлемім және оны басқару» психологиялық эссе.
|
1
|
25
|
2
|
БӨЗ 2.
Жеке бастық, әлеуметтік, іскер сфералардағы қатынастардың бұзылу себептері - эссе.
2. Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт - реферат.
|
1
|
15
|
3
|
БӨЗ 3.
1. Өзара қатынастарды орнату, психологиялық байланысқа түсу, тұлғаралық коммуникацияны сәтті жасау - психологиялық сценарий.
2. Конфликтіні шеудің психотехнологиялары – реферат.
3. Тұлға аралық коммуникациядағы өзара түсінісу механизмдері - баяндама.
|
|
15
|
Дәріскер Г.Н. Борбасова
Достарыңызбен бөлісу: |