Жұмыс дәптері – ерекше дидактикалық аппаратты иеленген білім алушының пәнді меңгеру барысында өз бетінше атқарған жұмысына ықпал ететін оқу құралы.
Өзін-өзі үйрету – жетекшінің көмегінсіз өз бетінше оқып-үйренуге арналған оқу құралы.
Хрестоматия – көркем-әдеби, тарихи және басқа да шығармаларды немесе олардан үзінді беретін, пәнді оқып-үйренудің нысаны болатын оқу құралы.
Тақырыптық папка төмендегі тақырыптар боййынша топталады:
осы бағыттағы іс-әрекетті анықтайтын нормативтік құжаттар;
Әдістемелік материалдар қоры білім беру ұйымдарының әдістемелік бөлімдерінде, әдістемелік кабинеттерінде жинақталады. Әдіскерлер нақты білім ұйымында жүргізілетін білім берудің барлық бағыттары бойынша тақырыптық папкалар жасайды.
Мысалы, Оқушылар үйінде сәндік-қолданбалы жұмыс туралы тақырыптық папкада төмендегідей материалдар жинақталуы мүмкін:
сәндік-қолданбалы бағытты басқаратын әдіскерлердің қызмет нұсқаулығы;
шеберлер сайысы, халықтық және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, мекемелер және т.б. өткізу туралы ережелер;
ұлттық бұйымдар мерекесін өткізу туралы әдістемелік ұсыныстар: «Қазақстанның көркемдік бұйымдар жәрмеңкесі», «Ұлттық киімдер», «Оюлар» және т.б. көрме-көрсетілім.
мерекелердің, сайыстардың, бос уақытты өткізу-көңіл көтеру шараларының сценарийі және сценарийлік жоспар;
сәндік-қолданбалы бағыт бойынша сабақтың инновациялық түрлерін өткізу туралы әдістемелік ұсыныстар;
сәндік-қолданбалы бөлім педагогтері үшін болжау және оқыту әдістері.
Қолданбаны әдістемелік материал – тақырыпты кеңірек ашатын, толықтыратын, көрнекті қосымша материал, әдістемелік өнімнің мынадай түрлерін қамтиды: