Нұсқаулық-әдістемелік плакат – мәтін, суреттер, сызба бейнелер үйлесім тапқан түрі. Сценарий – бұл мерекенің, кез-келген іс-шараны толығымен баяндайтын жазба. Сценарийде жүргізушінің, актерлердің, әннің мәтіндері сөзбе-сөз келтіріледі. Алдымен сценарийлік нұсқау беріледі: көркемдік безеңдірілуі, жарықтандыру, қатысушылардың сахнадағы қозғалысы және т.т.
Сценарийдің үлгісі:
атауы («Мектептегі тамаша жылдар!» мерекесінің сценарийі);
мекен-жайы;
мақсаты мен міндеттері;
сценарийді іске асыруға қатысушылар;
таңдап алынған сценарийдің толық мәтіні;
пайдаланған әдебиеттер.
Сценарий әдістемелік кеңестермен ұйғарылады. Педагогке сценарийді дәлме-дәл емес, қателіктерді қайталамай, өз нұсқаларын жасауға мүмкіндік беріледі.
Сценарийдің мерекелік шараның негізгі түрі саналатын тұрақты элементтері болады, олар:
рәсім – салтанатты рәсім, тамаша мереке (ашылу, жабылу, марапаттау, қатысушыларға диплом, грамота, сый тапсыру). Мерекені ұйымдастырушылар рәсімнің ережесі мен шарттарын нақты ұсынуы қажет: музыканы таңдау және бөлу, құрастырудың жалпы стилі. (стиль элеменнтері ретінде қатысушыларды орналастыру, екпін, сөз сөйлеу, интонация);
театрландыру – әңгіме спектакль туралы емес, қойылым, драмалық әрекет туралы. Театрландырудың негізгі шарттары – сахна емес, драматургияның, көріністің, ойын рөлдерінің болуы;
қарым-қатынас мүмкіндігі – ұйымдастырушылар шақырылған адамдардың мерекенің салтанатты бөліміне дейін және одан кейін бір-бірімен сұхбаттасуына мүмкіндік жасауға тырысады;
көтеріңкі көңіл-күй атмосферасы – бір мезгілде сценарийлік ойдың сәтті өтуінің шарты және нәтижесі болуы. Мерекелік атмосфераның ерекшелігі болып барлық қатысушылардың деңгейімен: «өзімен», «басқамен», «барлық қатысушылармен», «әңгіме арқылы» әсерленуі;
Материалды тақырып бойынша іріктеу:
нақты тақырып бойынша мәтіндік және көрнекті материалды жинастыру «мысалы, өлең, әң, ойындар, дәйексөз, мақал және мәтелдер, фотосуреттер, суреттер, көркемдік иллюстрациялар, слайдтар, бейне түсірілімдер, және т.б.). Тақырыптық іріктеу ұсыныстар, сценарийлер жазу үшін материалдарды жинастыру барысында қажет.
Материалды тақырыптық іріктеу қағаз салатын папкаға, альбомға, үлкен конвертке және т.б. рәсімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |