Әдістемелік ұсыным – бұл оқытудың түрін, құралын және әдістерін, нақты сабақ тақырыбына, оқу бағдарламаларына толық курсты оқытуға қолданатын заманауи педагогикалық технологиялардың элементтерін немесе оқыту мен тәрбиелеу технологиясының өзін анықтайтын құрал.
Әдістемелік ұсыным – оқу сабағын, іс-шараны өткізу ретін логикалық құру және толығымен баяндау. Әрекет барысын тізбектей баяндау, сонымен қатар оның мақсатын, нәтижеге жету құралдарын, күтілетін нәтижелерін қамтиды және тиесілі әдістемелік кеңеспен жалғасады.
Әдістемелік ұсынымда қандай да болмасын іс-шараны өткізу жөнінде нақты материалдар беріледі, әдістемелік кеңестер және нұсқаулармен үйлеседі.
Әдістемелік ұсыным және жұмыс болуы да мүмкін. Ол педагогтердің кәсіби-педагогикалық жағынан немесе жекленген бағыттар бойынша даярлағының сапасын жетілдіруге бағытталады.
Әдістемелік ұсыным мыналарды қамтиды:
оқыту және тәрбиелеудің жаңа түрінің, әдістері немесе құралдарының жоспары;
оқытудың материалдық-техникалық жағдайының өзгеруімен байланысты әдістемелік жоспарлар;
жаңа мамандықтарға, кіріктірілген мамандықтарға, жоспарға байланысты әдістемелік жоспарлар;
педагогтердің өзіндік білімінің тақырыбымен және т.б. байланысты жоспарлар.
Әдістемелік ұсынымды жазуға кірісер алдында педагог мыналарды білуі қажет:
ұсыным тақырыбын таңдауға мұқият болу. Тақырып өзекті, педагогке таныс, осы тақырып бойынша педагогтің жинақталған нақты тәжірибесі болуы тиіс.
әдістемелік ұсыным мақсатын анықтау. Мысалы, мақсат мынадай болуы мүмкін: тақырып мазмұнын оқып-үйренудің түрі мен әдістерін анықтау; оқу бағдарламасында берілген тақырыпты оқып-үйрену жөнінде сабақ өткізудің тәжірибесін айқындау; педагог пен білім алушылар әрекетінің түрін баяндау; заманауи техникалық және ақпараттық оқыту құралдарын қолдану әдістемесін баяндау; сабақ барысында теория мен практиканың байланысын жүзеге асыру; замануи педагогикалық технологияларды немесе олардың элементтерін сабақта пайдалану және т.б.;
таңдап алынған тақырып бойынша озық педагогикалық тәжірибені, әдебиеттер мен әдістемелік құралдарды мұқият оқып-үйрену;
әдістемелік ұсынымның жоспарын құру және құрылымын анықтау;
алда атқаратын жұмыстарды бағытын айқындау.
Әдістемелік ұсыным құрылымы Ұсынымның атауы.
Іс-шараның атауы және өткізу түрі.
Өткізілетін іс-шараның міндеттері, өткізу әдісі, іс-шара арналып отырған балалардың жасы, іске асыру жағдайы көрсетілген түсініктеме.
Жабдықтау, рәсімдеу (техникалық құралдар, мәтін, қанатты сөздер, плакат нұсқалары, сценарийде қолданатын музыкалық шығармалардың атауы және авторлары).
Даярлық кезеңінде берілетін әдістемелік кеңестер (тапсырмаларды дұрыс бөлу).
Сценарийлік жоспар, іс-шараны өткізу барысы.
Іс-шараның сценарийі, мұнда бөлімдердің барлық композициялық сюжеті, авторларға сілтеме және беттері көрсетілген туындылардың атауы көрсетіледі.
Ұйымдастырушылар мен қойылымды қоюшыларға арналған әдістемелік кеңестер (іс-шараны қайда өткізген орынды, рәсімдеу нұсқалары, көтеріңкі көңіл-күй тудыру жолдары, қателіктерден сақтандыру).
Іс-шараны аяқтау кезеңінде берілетін әдістемелік кеңестер (қалай қорытындылау қажет, алынған нәтижелерді пысықтау үшін не істеу керек және т.б.)
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Әдістемелік ұсыным мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар Әдістемелік ұсынымда міндетті түрде мұқаба, аннотация, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, әдебиеттер тізімі, тараулары, қажетті жағдайда қорытынды, қосымша болуы тиіс.
Әдістемелік жұмыстың мұқабасында көрсетілетіндер:
жоғары ұйым атауы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі) және ұйым атауы;
оқу әдебиеттерінің түрі (оқу құралы, әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік ұсынымдар, зертханалық және практикалқ жұмыстарға нұсқаулық, бағдарламалар және т.б. аталған басылымның кімге арналғаны көрсетіледі);
басылым орны және мерзімі.
Мұқабаның ішкі жағында көрсетілетіндер:
ОӨЖ классификациялық индексі немесе ББК (сол жақтағы жоғары бұрыш);
басылымның библиографиялық мәліметтері (авторлар немесе құрастырушылар, толық атауы, түрі, орны, жылы және басылым бетінің саны);
басылым аннотациясы (оқу құралдары үшін);
қолжазбаның әдістемелік кеңесте қаралғаны туралы мәлімет (хаттама нөмері, қаралған мерзімі);
аталған жұмысты құрастырушы (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауызымы, тегі, аты, әкесінің аты);
жұмысқа пікір жазғандар (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауызымы, тегі, аты, әкесінің аты). Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және лауызымы қолданысты қысқартулар ережесіне сәйкес жазылады: доктор –д-р, профессор – проф., кандидат – канд., доцент – доц., биол., тарих., мат., хим. Және т.б. ғылымдардың. Мысалы: т.ғ.д., доц.
Аннотация – мазмұнын, жаңалығын, кімге ұсынылғанын көрсететін қысқаша сипаттама. Аннотацияда (3-4 сөйлем) қысқаша әдістемелік жоспардың кімдерге арналғаны, қандай мәселені көрсететіні, кімге пайдасы тиетіні көрсетіледі.
Мазмұны: берілген мамандық және берілген пән бойынша осы әдістемелік ұсымның оқыту үдерісінде алатын орны мен рөлі; қолданыста жүрген басқа басылымдардан ерекшелігі; басылым кімге арналғаны көрсетіледі.
Кіріспе (1-2 бет) аталған жұмыстың өзектілігін, яғни автор неліктен осы тақырыпты тыңдады және оның білім мазмұнындағы орны қандай деген сұраққа жауап береді. Кіріспе оқырманды мазмұнына, жоспардың проблемасына енуге, тарихи аспектіде орнығуы және дамуын түсінуге жетелейді және т.б.
Әдістемелік ұсыным мазмұнының тақырыбы мен мақсатына нақты сәйкес болуы тиіс. Әдістемелік ұсынымның мазмұны педагогтердің оқыту үдерісін неғұрлым тиімді ұйымдастрыу, техникалық және ақпараттық құралдарын қолдану туралы мәлімет алатындай болуы қажет.
Авторлық (жекеше) әдістер оқулықтар мен оқу бағдарламаларының мазмұнын қайталамауы, зерттеліп отырған құбылыстар мен техникалық нысандарды баяндамауы, жалпы педагогикалық әдебиеттерде берілген сұрақтарды көтермеуі тиіс.
Материал жүйеленген, мүмкіндігінше нақты әрі қарапайым тілмен жеткізілуі тиіс.
Әдістемелік ұсынымның тілі анық, нанымды, сауатты, дәлелді болуы тиіс. Қолданылатын терминология педагогикалық (өндірістік) тезаурусқа сай болуы қажет.
Ұсынылатын әдістер, әдістемелік тәсілдер, оқыту түрі мен құралдары өзінің педагогикалық тәсілі тізбесіне негіздеулі тиіс.
Әдістемелік ұсынымда оқыту үдерісін жүзеге асыруда нақты материалдық және техникалық жағдайы ескерілуі тиіс.
Оқыту үдерісін ұйымдастыруда оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін кеңінен қолдануға бағдарлау қажет.
Әдістемелік ұсыным «Нені оқыту керек?» деген сұрақты түсіндіруі қажет.
Әдістемелік ұсынымда педагог өз жұмысында қолдана алатын нақты материаладар (тапсырмалар карточкасы, үлгілер, сабақ жоспары, зертханалық карточкасы, үлгілер, сабақ жоспары, зертханалық жұмыстар жүргізу туралы нұсқаулық карточка-сызба, тесттер және т.б.) болуы тиіс.
Әдістемелік ұсынымның жалпы көлемі (қосымшаны қоспағанда) компьютермен терілген (шрифт 14) 24 беттен кем болмауы тиіс. Егер әдістемелік жұмыс бір сабақтың үлгісін көрсететін болса, онда 10 беттен кем болмауы тиіс.
Әдістемелік ұсынымның негізгі мазмұнының көлемі барлық қолжазбаның жартысынан кем болмауы тиіс.
Қосымша көлемі шектелмейді, бірақ ол мәтінге сәйкес болуы тиіс (оларға мәтінде сілтеме жасау міндетті).
Мәтінде қолданылған әдебиеттерге жасалған сілтеме квадрат жақшамен белгіленеді. Мысалы, [5], мұнда 5 қолданылған әдебиеттер тізіміндегі реттік нөмері.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10-15 атадан тұрады. Егер әдістемелік жұмыс практикалық сипатта болса, теориялық сілтемені қажет етпесе, онда пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетпеуге болады.
Бөлімдердің саны мен көлемі шектелмейді.
Тараулардың атауы әдістемелік жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімінен соң берулгені жөн.