НұСҚаулар (Ұсыныстар) № Әдістемелік құралдар, ұсыныстар


Студенттердің жұмыстарын ұйымдастыру



бет3/5
Дата14.10.2022
өлшемі26,4 Kb.
#153021
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5
Байланысты:
әдістемелік нұсқаулар

Студенттердің жұмыстарын ұйымдастыру
Студенттердің өзіндік жұмыстарын оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамушы мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналады. СӨЖ және оны қадағалау мен дұрыс ұйымдастыру студенттерді табысты оқытудың ең маңызды шарттарының бірі болып табылады.
СӨЖ ұйымдастыру бірінші кезекте оның мағынасының анықтамасын талап етеді. Бұл жағдайда ескеріледі:

  • курс мазмұнының тұтастығы мен жүйелілігі;

  • оқу үрдісінің барлық құрамы мен түрлерінің бірлігі және әр пән бойынша студент дайындығын қамтамасыз етудегі олардың өзара байланысы;

  • дағды мен икемділік арқылы бөлінген материалды меңгерудің соңғы нәтижесін нақты анықтау қажеттілігі.




Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру формалары
- Оқыту тәжірибесінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың төмендегі формалары пайдаланылады:
- мәселелік сұрақтар бойынша реферат, курстық және дипломдық жұмыстарға дайындығы;
- арнайы және басқа оқу әдебиеттерді реферат жазу және аннотациялау;
- кәсіби-бағдарланған іскерлік ойындар сценариін құрастыру;
- аннотацияны құрастыру;
- жұмыс бағдарламасына сәйкес үй тапсырмаларын орындау;
- студенттердің ғылыми конференциясына қатысу.




Студенттердің өзіндік жұмыстарын бақылау
СӨЖ бақылау ақпараттық және басқару қызметін атқарады. СӨЖ қамтамасыз ету, өткізу және бақылаудың басты венасы ретінде кафедра:
- өзінің мәжілісінде СӨЖ көлемі мен нақты мазмұнын аықтайды және бекітеді;
- осы пән бойынша рейтингпен келісе отырып, оның бақылауының формаларын бекітеді;
- студенттерге СӨЖ бойынша тапсырмасын жеткізу және сол бойынша есеп қабылдау;
- өзіндік жұмыс беру және өзіндік жұмысты бақылау кестесін бекіту;
- СӨЖ қорытындысы бойынша оқытушылар есептерін талқылау және бекіту;
- айқындалған тапсырмалардың көп еңбек сіңіргенін тексереді, СӨЖ орындау мерзімі мен жүйелілігін бекітеді.
- СӨЖ жұмсалатын уақыттың оптималды шығындары мақсатындағы оқу үрдісіне сәйкес кесте құрастырады.
СӨЖ сапасына бөлінген пәндер материалы арнайы тапсырмалар арқылы тікелей, не модуль бойынша бақылау тапсырмаларына енгізіліп бақыланады.
СӨЖ бақылауда жазбаша, ауызша бақылау формалары пайдаланылуы мүмкін.
Бақылау формалары соңғы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Ауызша формада бақылаудың төмендегі түрлері пайдаланылады:
- конференциялар, баспасөз-конференциялар
- кәсіби-бағдарланған іскерлік ойындар
- КТК
- қызығушылық туғызған адамдармен кездесу
- коллоквиумдар;
- ғылыми хабарламалар;
- жеке әңгімелесу.
Жазбаша формадағы жеке тапсырмалардың түрлері:
- әдебиеттерге шолу және талдау;
- бөлек материалдардың аннотациясы;
- рефераттар;
- есептер;
- сөз жұмбақтар;
- ғылыми мақалалар;
- мәселелік кәсіби-бағдарланған міндеттер.
Бақылаудың жазбаша түрлері СӨЖ нәтижесіне жеке ықпал етіп, жеке жауапкершілік танытады. СӨЖ бақылау нәтижелері пән бойынша жалпы рейтингке кіреді.
Студенттердің кәсіби дайындығын іске асыру бағыттарының бірі оқу және ғылыми жұмыстардың органикалық үйлесімділігінің негізінде танымдық қызмет белсенділігі, зерттеуге жақын белсенді шығармашылық жұмысқа барлық студенттерді тарту болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет