Студенттердің өзіндік жұмыс түрлерінің кейбіреулеріне қысқаша сипаттама:
Кітаппен жұмыс - өзіндік жұмысының ең таралған түрі: реферат жасау, аннотация құрастыру, конспект жасау, ғылыми-әдістемелік әдебиетке шолу жасау, дәйексөздерді теру, мәтінін оқу.
Кітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.
- конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;
- тезистер тізу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;
- мəтін жоспарын жасау - мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;
- сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: əдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дəл келтіру;
- түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мəнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба);
- пікір беру - оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян.
- анықтама (справка) түзу –ізденіс нəтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б.
- формальды –қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу;
- тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып, бөлім не түгелдей пəн бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау;
- реферат құрастыру – тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;
Реферат- нақты тақырып бойынша бір немесе бірнеше кітаптарды рефераттау нәтижесі, яғни осы кітаптардың негізгі мазмұнына қысқаша шолу, олардың референциялы мазмұнын беру.
Реферат жазу- реферат жазылатын дерек мазмұнына кіруге құралған күрделі шығармашылық үрдісті, ақпаратты өңдеудің тиімді жолының бірі. Мәтінді рефераттау мазмұны мәтіннің жалпы мазмұнын ықшамдауға әкеледі.
Реферат жазу биік бақылаушы әлеуеті бар жұмыс ретінде қарастырылады. Реферат жазу технологиясын игеру- бұл кемелденген оқу дағдысының қалыптасу көрсеткіші.
Алынған өнім – реферат- тұтастық, байланыстық, үздіксіздік- белгілеріне ие болатын мәтін болып табылады, бірақ сол уақытта- оригинал- мәтіннің бастапқы ұсыныстан құрастырылған екіншілік өнім болып табылады.
Студенттерді реферат жазуға үйрету төмендегі оқу дағдыларының дамуына ықпал етеді:
- маңызды ақпаратты сұрыптау, оны қысқарту және конспектілік формада жазу;
- кереғар көзқарастарда бағытталу, өз пікірін айту;
- ғылыми стиль дағдысына ие бола тоырып, мәтіннен ақпарат жинау;
- сәйкес шешімдер жасай отырып, мәтін мағынасын жинақтау;
- библиографиялық мәліметтерді ресімдеу, оқылған мәтіннің мағынасын сыни сараптау және бағалай алу;
- талқыланған мәселе маңыздылығын құрайтын дәлелдер, қорытындылар, теориялық ережелерді іріктеу, артық ақпараттарды жүйелеп жою;
- автордың негізгі ойын дәл беру;
- мақсат қоя білу дағдысын, яғни осы материалдан мәселені көре білу дағдысын дамыту (оның саналы игерілуі мүмкін емес);
- мазмұннан негізгіні көре білуді дамыту, білім алушылардан ойлаудың логикалық тәсілдерін өңдеуді талап ететін олардың арасындағы байланысты табу және негізгі түсінікті тарату;
- алға қойылған мақсаттарға жауап беретін шешімдер жасау және қорытындылар келтіру дағдысын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |