Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»


Педагогикалық менеджменттің



бет13/35
Дата25.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#164317
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»

Педагогикалық менеджменттің бірінші жүйе құраушы факторы – оның мақсаты мен міндеттері. Оны мақсат белгілеуші немесе жобалаушы деп атауға болады. Басқару ісінде ең негізгі мәселе – мақсатты көре білу. Мақсат оның орындалуын дұрыс жоспарлауға және тиімді ұйымдастыруға жол ашады. Ұйымның мақсаттары оның қызмет ету және даму тұжырымдамасын көрсете отырып, мынадай қызметтер атқарады: ағымдағы қызметтің белгісіздігіне (екі ұштылығына) жол бермейді; қызмет нәтижелерін бақылаудың және бағалаудың өлшемдерін айқындайды; анық та нақты белгіленген мақсаттар педагогикалық процесс субъектілерінің жұмылып бірлікте жұмыс жасауына ықпал жасайды.
Педагогикалық жүйенiң үнемi қозғалыста, үнемi даму үстiнде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетiлдiрiп отыруды қажет етедi. Әрине, тәрбиеленушiлердiң бойында белгiлi бiр қасиеттiң қалыптасуын дәл белгiлеу, жоспарлау мүмкiн емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективтi жағдай туғызуы тиiс.
Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттер қоғамның алдындағы жалпы мiндеттер мен мақсаттардың көрiнiсi болып табылады. Мақсат жоспардың өзегi болғандықтан ол педагогтiң де, оқушының да әрекеттiн қамтуы керек. Басқару қызметiнiң мақсаты – жұмыс түрлерi мен тәсiлдерiн, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
Сапалы түрде мақсат белгiлегенде директормен бiрге мұғалiмдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, оладың әрқайсысының педагогикалық процесте белгiлi бiр құқық, мiндет, жауапкершiлiк арқалауына жағдай жасайды.
Мақсат қоюды осылай түсiну кешендi мақсатты бағдарламаны iске асыратын жоспарластыруға мүмкiндiк бередi. Кешендi мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарының қысқартылған моделi емес, ол мектептiң жалпы жоспарынан бөлiп алынған барынша маңызды 3-4 мәселенi нақтылана түскен бөлiгi.
Педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттары:
- білім мекемесіндегі барлық қызметкерлер мен оқушылардың күш-қуатын, уақытын және барлық құралдарды нәтижелі де жоспарлы пайдалану;
- білім менеджерлері қызметінің нақты мақсаттарға және қоғамның рухани, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкестігін анықтау;
- оқу-тәрбие процесінің барлық жеке мақсаттарын түпкілікті мақсатқа – еркіндік пен жауапкершілікті қатар сезінетін, шығармашылық бағытта ойлай және әрекет ете білетін тұлға қалыптастыруға бағыттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет