1) Ұйымдық ықпал – тиімді, тұрақты ұйымдық қатынастар қалыптастыруғабағытталаған әкімшілік актілерін (құжаттарын) жасау.Ұйымдық ықпал түрлеріне: ұйымдық регламенттеу (реттеу), ұйымдық нормалаужәне ұйымдық-әдістемелік түсіндірме жатады.
Ұйымдық регламенттеу– қызметкерлерге белгілі бір тәртіпте іс-әрекетжасауды анықтаушы ықпал:
ұйым Жарғысын жасау және қабылдау;
кәсіпорын бөлімшелері туралы Ережелер әзірлеу;
Лауазымдық міндеттемелер, Нұсқаулар дайындау.
Ұйымдық нормалау– қызметкерлерге өндіріс процестерін жүзеге асыруғақажетті нормалар мен нормативтерді жеткізу:
техникалық нормативтер (құралдарды пайдалану нормалары);
технологиялық нормативтер (өнім өндіру кезектілігін, тәртібін анықтаушынормативтер);
еңбек нормативтері (қызметкерлердің тарифтік разрядтарын, еңбекке ақытөлеу тәртібін, еңбек күнінің ұзақтығын анықтайтын нормативтер);
ұйымдық нормативтер (жұмыс нәтижелерін салыстыру арқылы еңбектіңсандық және сапалық өлшемдерін, жұмсалатын қаржы мөлшерін реттеугемүмкіндік беретін нормативтер)
экономикалық нормативтер (кірістер мен шығындар үйлесімділігінқамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нормативтер)
Ұйымдық-әдістемелік түсіндірме –қызметкерлерге әдістемелік сипаттағыережелер жиынтығы арқылы ықпал жасау:
белгілі бір іс-әрекет түрін орындау туралы нұсқаулар әзірлеу;
тиімді орындау жолдары туралы ұсыныстар жасау;
міндеттеуші нақты жөн-жобалар дайындау (указание).
2) Әміршілік ықпал – бұл ұйымның ағымдық жұмысын реттейтін бұйрықтар,шешімдер, қаулылар, өкімдер даярлау және оларды орындаушыға жеткізу.
Әміршілік ықпал әдістеріне қойылатын талаптар:
Мақсаттар мен міндеттер нақты, ал тапсырмалар дәйекті, түсінікті болуыкерек;
мазмұны орындаушыға қажетті ақпаратты толық қамти отырып, қысқа жәнеұғымды болуы тиіс;
нұсқау нақты болып, орындаушының міндеттері мен жұмыс көлемін анықкөрсетуі тиіс;
өкім нақты орындаушыға бағытталуы тиіс;
өкімнің орындалуы бақыланатындай формада болуы керек;
орындаушыға іс-әрекеттің неғұрлым тиімді тәсілдерін ойластыруғамүмкіндік (уақыт) берілуі тиіс.