Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»


Экономикалық басқару әдістері



бет16/35
Дата25.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#164317
түріНұсқаулар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»

Экономикалық басқару әдістері – бұл ұжымға және оның жекелегенмүшелеріне нақты экономикалық механизмдер арқылы (еңбекақы мөлшері,сыйақы, баға белгілеу, несие беру, т.б.) әсер ету жүйесі.Экономикалық басқару әдістері қандай да бір іс-шараның орындалуын бүкілұжым мен оның әрбір мүшесі үшін экономикалық тұрғыдан тиімділігінқамтамасыз ететін жағдайлармен қамтамасыз етуді көздейді. Негізгіэкономикалық әдістерге шаруашылық есептесулер (жеңілдіктер, несиелеу,қаржыландыру) және экономикалық ынталандыру жатады (еңбекақы мөлшері,сыйақы).
Білім беру жүйесі әлеуметтік салаға жататын болғандықтан, мұндағыбасқару, негізінен, тікелей адамдарға қатысты. Сондықтан ұйымдық басқарубарысында психологияны білудің және оның заңдылықтарын ескерудің маңызы ерекше. Білім менеджері қызметкерлер ұжымында орнаған қолайлыпсихологиялық ахуалдың мекеме жұмысы үшін зор мүмкіндіктер тудыратынын үнемі есте сақтауы қажет.
Әрбір ұжым - өзіндік ерекшеліктері бар және белгілі бір даму сатыларынанөтетін әлеуметтік организм.
Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістері – қызметкерлердің саналылықдеңгейін көтеру, ұжымды және жеке тұлғаны қалыптастыру, моральдықынталандыру және өзара жарыс формаларын жетілдіру арқылы басқарылушыжүйеге әсер ету тәсілдері.
Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістері еңбек ұжымында қалыптасатыннақты факторларды пайдалануға негізделіп, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық процестерді басқаруға бағытталады.Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістері әлеуметтік әсер ету жәнепсихологиялық әсер ету әдістері болып екіге бөлінеді.
Әлеуметтік әсер ету әдістеріне сендіру, тәрбиелеу, моральдық ынталандыру,әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұжымда қалыптасқандәстүрлер, сондай-ақ сауалнама, интервъю, бақылау, эксперимент, экспертиза сияқты эмпирикалық әдістер жатады.
Психологиялық әсер ету әдістеріне жетекшілік жасау стилі, жеке үлгі,позитивті қатынастар, ынталандыру, уақытша қызмет алмастыру жатады,сонымен қатар жеке қабылдау, әңгімелесу, психофизилогиялық зерттеу,бақылау сияқты тәсілдер де пайдаланылады.
Олардың міндеттері:

  • ұжымды және оның әрбір мүшесін дербес тұлғалық ерекшеліктеріне жәнеәлеуметтік-психологиялық жағдайларына сай іріктеу, қалыптастыру;

  • басқаруды ұжымның, топтардың және тұлғалардың ерекшеліктерін ескереотырып жүзеге асыру;

  • қызметкерлердің жұмысын әлеуметтік-психологиялық факторларға әсер етуарқылы ынталандыру;

  • қоғамды, ұйымдық, ұжымдық қатынастарды дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет