Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»


Басқару ғылымы немесе сандық ықпал



бет12/35
Дата25.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#164317
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»

Басқару ғылымы немесе сандық ықпал (1950 жылдан қазіргі уақытқа дейін)
Шетелдердегі басқару теориясының жаңа бағыттарының бірі – «басқаруғылымы» деп аталып, басшылық жасау ісіне сандық тәсілдер мен дәл ғылымаппаратын енгізуге тырысумен сипатталады. «Жаңа» мектептің көрнектіөкілдеріне Р.Акофф, Л.Берланфи, Д.Форрестор сияқты ғалымдар жатады.
Басқару ғылымы ұйым жұмысында неғұрлым жиі кездесетін құбылыстардыңматематикалық моделін құруға, жұмыс уақытын реттеуге, ресурстардыбасқаруға қатысты мәселелерді қарастырып, «жүйе технологиясын» құруғаайрықша мән берді.
Сонымен, қазіргі менеджменттің қалыптасуына басқару ісіндегі әртүрлі бағыттарүлкен үлес қосты.Нарықтық экономика жағдайында ұйым стратегиясын құру оның бәсекегеқабілеттілігін қамтамасыз ететін фактор ретінде қарастырылып отыр. Осыған орай,ресурсты сақтаушы технологиялар құрыла бастады, инновациялық менеджменттіңтиімді модельдері жасалды, ынталандыру және лидерлік теориясы құрылып,олардың қызметкерлерді басқарудағы маңызы анықталды, ұтқыр инновациялықжәне стратегиялық менеджменттің қажеттігі дәлелденді.


2-тақырып: Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиясы ретінде
Дәріс жоспары:

  1. Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері

  2. Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары

  3. Мектепті басқарудағы әдіснамалық тәсілдер

В.П.Симоновтың еңбектерінде педагогикалық менеджмент оқыту процесін нәтижелі басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы ретінде сипатталады. Ғалым оқыту процесінің өзара байланысты үш үлкен құрылымын бөліп көрсетеді: оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процестері.
Педагогикалық менеджмент философиялық, педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық ұғымдар мен заңдылықтарға негізделеді.
В.П.Симонов педагогикалық менеджменттің төрт құрылымдық-функционалдық компоненттерін немесе жүйеқұраушы факторларын бөліп көрсетеді:

  1. Жобалаушы компонент, немесе іс-әрекеттің мақсаты (жоспарланған, күтілетін нәтиже)

  2. Коммуникативтік компонент, іс-әрекет субъектісі (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, оқушылар) және объектісі немесе екінші субъект (басқарушылық шешімдерді орындаушы)

  3. Ұйымдастырушылық-мазмұндық компонент, іс-әрекет мазмұны (оқу-тәрбие жөніндегі, басқару туралы ақпарат) және тәсілдері (субъектілердің өзара қатынасында басшылыққа алынатын принциптер және қолданылатын әдістер).

  4. Талдау-нәтижелік компонент, іс-әрекет нәтижесі (басқарушылық шешім)

Мектеп педагогикалық жүйе жəне басқарудың ғылыми нысаны ретінде. Педагогикалық жүйе өз бетімен дамып, басқарылады жəне бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару ол, біріншіден, оның толықтылығын сақтайды. Екіншіден, басқа жеке компоненттерге əсер етеді жəне өзгеруіне ықпалын тигізеді. Педагогикалық жүйенің реттелуі осылайша жалпыламалық қажеттілігін қанағаттандыру үшін, көздеген мақсатқа дəл көрсетілген уақытында жетуі тиіс. Осы мақсат педагогикалық жүйенің мазмұнын ашады. Басқа жүйе сияқты педагогикалық жүйеде жеткен жетістіктеріне байланысты мазмұндалады. Мектепті педагогикалық жүйенің басқару нысаны ретінде қарастыру басқару қызметінің ұстаздарға, қызметкерлерге, оқушыларға көзделген мақсатқа жету үшін түрлі əдіс-тəсілдердің қолданылатындығын білдіреді. Мұндай жағдайда педагогикалық жүйе өз көздеген мақсатына жетеді жəне компоненттерімен жаңарып отырады [8].
Педагогикалық жүйенің жүйе қалыптастырушы факторлары. Педагогикалық жүйеде ең маңызды жүйе қалыптастырушы фактор болып ұстаз бен қатысушылардың, баланың жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануы мен дамуына негізделген. Мектеп мақсаты — бастамалық тəрбиенің негізін қалыптастыру, яғни ол өз ішіне интеллектуалды, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық жəне басқа да тəрбиені кірістіреді. Басқарудың ең тиімді түрі болып мектеп басшыларының, ұстаздардың, оқушылардың ортақ мақсатқа жетуі үшін өз ойларын қосып жəне оның жүзеге асуына ықпал жасау табылады.
Педагогикалық жүйенің əлеуметтік педагогикалық жəне уақытша жағдайда қалыптастырылуы. Педагогикалық жүйенің əлеуметтік-педагогикалық жағдайды қалыптастырылуы, ол тұрақты жағдай, оның анықталуы жəне дамуы мектепті басқаруды кем дегенде екі бөлімге бөлу керек: жалпы жəне жеке. Жалпы жағдайға əлеуметтік, экологиялық, тəрбиелік, ұлттық, географиялық жағдайлар жатады. Ал, жеке жағдайға əлеуметтік географиялық қатысушылардың құрамының ерекшелігі, мектептің орналасқан жері (қалалық не ауылдық) мектептің материалдық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау бойынша тəрбие жұмыстары жатады. Педагогикалық жүйенің тиімді жүргізіліп жатқанын ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасы, ата-аналардың педагогиканы білу деңгейі арқылы білуге болады.
Əлеуметтік жүйеде шешуші рөлді жеке тұлға не ұжымдық субъект атқарады. Яғни, педагогикалық жүйеде педагогикалық ұжым басшылықтарының басқаруынан жұмысты тиімді атқаруға болады. Мектепті басқару құрылымы төрт сатыдан тұрады: бірінші саты — мемлекеттік органдармен жəне ұжыммен тағайындалған мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар кеңесі. Екінші саты — ұжымдық жалпы еңбекке жауапты — мектеп директоры мен психологы, əлеуметтік ұстаз, мектеп директорының басқарудағы көмекшісі жəне өзін-өзі басқаруда қатысатын органдар. Үшінші саты — ата-аналарға, оқушыларға, үйірмелерге басшылық жүргізетін ұстаздар, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Төртінші саты — сыныптық жəне жалпымектептік өзін-өзі басқаратын оқушылар. Аталған саты ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасын көрсетеді [9].
Басқару жүйесінде басты орын оқушылар ұжымына тиесілі жəне осыған байланысты екі көлденең басқару сатысын көрсетуге болады: жалпы мектептік ұжым жəне сынып ұжымы. Ал, тігінен басқару түріне жалпылама ұйымдар, спорт секциялары, творчестволық бірігушіліктер, үйірмелер, бригадалар жəне т.б. жатады. Педагогикалық қызметтерді шешуге бағытталған тəсілдер əдіс болып табылады. Олардың тиімділігі жоғарыда атап өткендей, ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасына байланысты. Сондықтан үйрету, бақылау, жаттықтыру сияқты тəсілдерден басқа, ұстаз ақпаратты жинау, сақтау жəне реттеу сияқты тəсілдерді білуі тиіс. Басқаша айтқанда, əрбір басшылықтардың назарында болуы тиіс. Аталған компоненттер өзінен-өзі пайда болмайды, олар ұстаз қызметтерінен қалыптасып, содан кейін педагогикалық жүйенің қалыптастырушы компоненттері бола алады.
Қалыптастырушы компонент болып педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау сияқты педагогикалық жүйенің қозғалысын, өзгерісін көрсететін қызметтер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет