МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ............................................................................................................4
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР ......................................................5
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
(ПРИНЦИПТЕРІ) .............................................................................................7
3КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ ........................8
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ..................................12
Қалыптастырушы бағалау үдерісі .......................................................13
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру ......13
Кері байланыс беру ..........................................................................17
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы ......................18
Жиынтық бағалау үдерісі .....................................................................20
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау ..................20
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды
жоспарлау және ұйымдастыру ...............................................................20
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
нәтижелерінің талдауы ...........................................................................25
Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі ......................................28
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және
ұйымдастыру ...........................................................................................28
Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы ............30
Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау 30
БІЛІМ АЛУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ .......................................................32
БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ ........................................................................33
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою ......................................34
Тоқсандық баға қою ..............................................................................34
Жылдық баға қою ..................................................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................38
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................39
ҚОСЫМШАЛАР ...........................................................................................40
КІРІСПЕ
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:
Білім алушы оқытудың қай сатысында?
Олар білім алуда неге талпынады?
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?
екенін түсінеді.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.
Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Білім алушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына білім алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл.
Білім алушының оқу жетістігінің деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
2 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |