НҰСҚаулық Оқу-әдістемелік құрал


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты



бет5/8
Дата12.04.2020
өлшемі10,66 Mb.
#62266
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
калыптастырушы багалау ҮЛГІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМББС) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.

Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша ҚР МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды.

Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы анықталады.

Оқу бағдарламасы


Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.

Оқу жоспары


Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұны пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады.

Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады.


Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі


Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына енгізілетін және апробацияланатын Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру ұйымдарындағы білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады және төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі:

  • қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;

  • тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу рәсімдері;

  • тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері; • білім алушылардың портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар.

Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық


Критериалды бағалауға арналған нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық


Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп директоры орынбасарларының ішінен анықталады. Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар үйлестірушілерге көмек ретінде берілген.


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, бейімдеуге болады.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген. Құжатта төмендегідей ақпараттар берілген:

  • бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар;

  • бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балмен, дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері;

  • тапсырмаларды құрастыру, рәсімдерді өткізу бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы;

  • тоқсандық жиынтық бағалаудың балл қою кестесімен бірге тапсырмалар үлгілері.

4 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.



2-сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы

Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.



Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.

Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.

4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі


Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.

Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:



  • оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;

  • білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

  • білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;

  • білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

  • білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

  • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау; • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

  • кері байланыс беру.

4.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:


  • оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

  • оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

  • тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (2-қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

  • бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

  • әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады (1-кесте). Әр тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы қажет. Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды.

1-кесте. «Математика» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі, 1-сынып

Бөлім

20-ға дейінгі екітаңбалы сандарды қосу және азайту

Бөлімше

Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

Оқу мақсаты

Санаудың ірі бірлігі - ондықты құрастыру; 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Бағалау критерийі

Санаудың жаңа бірлігі – ондықты құрастырады.

100-ге дейін ондықтармен санайды және жазады.



Ондықтарды салыстырады.

1-тапсырма.

Санды жазыңыз.

2-тапсырма.

Сандарды өсу ретімен жазыңыз. 100, 70, 20,50, 10, 30, 60, 80, 40, 90.



3-тапсырма.

Тиісті санды және таңбаны қойыңыз.









50 30 80 <

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы

Санаудың жаңа бірлігі – ондықты құрастырады

100-ге дейін ондықтармен санайды және жазады

- ондықтармен санайды және жазады;

Толық ондықтарды салыстырады

  • ондықтарды салыстырады;

  • 80-нен артық екітаңбалы ондық санды жазады.

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім:

  • тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;

  • кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;

  • қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;

  • тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау жүргізу қажет.

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.

Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.


Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау


Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.

Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс.

Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.

Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау


Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.

Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.


Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау


Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет.

Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:



  • Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

  • Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?

Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:

  • Сіз қазір не істеп жатырсыз?

  • Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?

  • Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:

  • жаңа идеяны тұжырымдауды;

  • екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;

  • идеяларды бағалауды;

  • топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;

  • сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.

Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.

4.1.2 Кері байланыс беру


Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

  • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;

  • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

  • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;

  • кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімге де, білім алушыға да 2-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.

2-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары




Мұғалім




Білім алушы

• •



Білім алушы оқытудың қай сатысында?

Олар білім алуда неге талпынады? Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?



• •



Мен оқытудың қай сатысында тұрмын?

Нәтижеге қалай қол жеткіземін?

Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет?


Төменде кері байланыстың мысалдары көрсетілген (3, 4-суреттер).

3-сурет. А білім алушыға кері байланыс беру бойынша мысал

Жазбаша кері байланыс беруде мұғалім А білім алушыны есепті дұрыс орындауға, өз қатесін түзете білуге «бағыттайды».



4-сурет. Білім алушы Б-ға кері байланыс беру бойынша мысал

Бұл білім алушы Б-ға берілген кері байланыс бойынша мысалда мұғалім білім алушының жақсы меңгерген тұсына ақпарат береді және қатені түзету үшін тақырыптарды қайталауды ұсынады.


4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы


Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Мұғалімге барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізу ұсынылады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған бақылау парағын қолдануына болады (5-сурет). Бақылау парағының үлгісі 3-қосымшада берілген.

5-сурет. Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша бақылау парағы

Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:



  • белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;

  • бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;

  • білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.

Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:

  • әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;

  • орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;

  • талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;

  • шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;

  • мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құрастыру;

  • талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);

  • ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;

  • ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет