4.2 Жиынтық бағалау үдерісі
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.
Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады (4-қосымша).
4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады.
4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды
жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны (3-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
3-кесте. «Математика» пәні бойынша бөлімдер мысалы, 1 сынып
1-тоқсан - 9 апта
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Бағдарламаның бөлімшелері
|
Мақсаттар саны
|
Сандар мен цифрлар
|
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
|
12
|
Сандармен амалдарды орындау
|
Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты
|
Тізбектер
|
Математикалық тіл
|
Геометриялық фигуралар
|
Жиындар және олармен орындалатын амалдар
|
4
|
Геометриялық фигуралар
|
Геометриялық фигуралардың орналасуы
|
Шамалар мен өлшемдер
|
Есептер және математикалық модель
|
4
|
Шамалар және олардың өлшем бірліктері
|
3 бөлім
|
10 бөлімше
|
20
|
Мысалы, математика бойынша 1-сыныптың ұзақ мерзімді жоспарында 1-тоқсанда 3 бөлім берілген: «Сандар мен цифрлар», «Геометриялық фигуралар», «Шама және өлшем бірліктері». Оқу мақсаттарының саны әр бөлімде әр түрлі: бірінші бөлімде – 12, екінші бөлімде – 4, үшінші бөлімде – 4. Сәйкесінше математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау 1-тоқсанда әр бөлімді меңгеруді аяқтаған кезде үш рет өткізіледі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге келесі алгоритмдерге сәйкес өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады (6-сурет):
оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;
жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;
ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;
әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін сипаттау).
6-сурет. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі
Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды. Мысалы, 1-сыныптағы математика бойынша «Геометриялық фигуралар» бөлімінде 4 оқу мақсаты берілген:
Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу;
Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау;
Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;
Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру.
Жоғарыда аталған оқу мақсаттарының бағалау критерийлері 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте. «Геометриялық фигуралар» бөліміндегі оқу мақсаттарына бағалау критерийлері бойынша мысал
Бөлім
|
Оқу бағдарламасы бойынша бөлімшелер
|
Оқу мақсаты
|
Бағалау критерийлері
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білім алушы:
|
Геометрия лық фигуралар
|
Жиындар және олармен орындалатын амалдар
|
Жиындарды элементтерінің белгілері
(нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және
жіктеу
|
Жиын элементтерін ортақ белгілерін
анықтай отырып, біріктіреді
(топтастырады)
|
Талдау
|
Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
|
Геометриялық фигураларды:
нүкте, түзу, қисық, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау
|
Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, сынық, тұйықталған және тұйықталмаған
сызықтарды,
кесінді, сәуле, бұрыштарды ажыратады және атайды
|
Білу және түсіну
|
Жазық фигураларды
(үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,
тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
|
Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды
(куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) таниды және атайды
|
Білу және түсіну
|
Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады
|
|
Фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді
|
Қолдану
|
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
|
Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
|
Геометриялық фигураларды композицияның
бөлігі ретінде құрастырады және атайды.
|
Қолдану
|
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау - бұл белгілі бір материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалау. Аталған бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде ұйымдастыру ұсынылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың мысалы
5-кестеде берілген.
5-кесте. «Математика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың үлгісі, 1-сынып
Бөлім/Тақырып:
|
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
|
Бөлімше:
|
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Санды және әріпті өрнектер
Есептер және математикалық модель
|
Оқу мақсаты:
|
Теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу.
Әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу.
Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру.
Қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу және түсіну
Қолдану
Талдау
|
Бағалау критерийі:
|
Теңдік, теңсіздікті, теңдеуді ажыратады.
Тура және тура емес теңдіктерді анықтайды.
Берілген мәні бар әріпті өрнектің мәнін табады.
Санды және әріпті өрнектерді салыстырады.
Қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді шығарады.
|
Орындау мерзімі
|
20 минут
|
Тапсырма
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |