О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет29/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Аз - аздан үздіксіз
Т
оқтаусыз тамған тамшылар тас жарады демекші, 
маңызды іс те қарапайым істерден тұрады.
Әр күні таң намазынан кейінгі бір сағатыңды ал 
да, оны үшке бөл. Бірінші бөлігін Құранға, екіншісін – 
лекция тыңдау немесе Алланы еске алу, үшінші бөлігі 
– кітап оқу немесе спортпен айналысу болсын. Осы 
жоспарды мұқият сақтар болсаң, таң намазына ғашық 
болып, әр таңың өміріңнің маңызды бөлігіне айналатын 
еді.
Пайғамбарымыз бір сөзінде:
«Аллаға ұнайтын істер – аз болса да 
үздіксіз жасалған амалдар», - деген.
Қандай үмітің, мақсатың болмасын таңғы уақыттағы 
бір сағатты сол істерге арнап, күн сайын ыждаһаттылық 
таныт. Өзіңе арнаған әр сағат өміріңнің әрбір сәтін 
жігер мен энергияға толтырады. Өміріңнің барлық 
аспектілерінде дамуыңа көмектесіп, жаңа бір шабыт 
береді. Бұл сағат сені өзгертіп, күн өткен сайын жаңа 
бір адам жасап отырады.
iqup


iqup
101
Ұйқы майданы
А
эронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу 
жөніндегі Американың ұлттық басқармасы NASA-
ның хабарлауынша зымыран жерден көтерілетін 
сәтте бірнеше минуттар бойы орасан зор көлемдегі 
жанармай жұмсайды. Өйткені жердің гравитациялық 
күшіне қарсы келу үшін орасан зор күш қажет. Ал 
ғарышқа көтерілген кезде ұшуына жұмсалатын күш 
әлдеқайда азырақ болады. Сол сияқты ол заңдылықтың 
саған да қатысты бар. Таң намазына оянған кезде 
ықылас пен ынтаң төмен болады. Осы кезде ұйқыдан 
басқа ешнәрсе керек болмай тұрады. Осылайша нәпсің 
мен шайтанның азғыруына төтеп беру үшін орасан зор 
күш жұмсалады. Алғашқы сәттегі қиындықты жеңсең, 
кейін бірталай жеңіл болады.
Күш-құдірет Иесі болған Раббыңды еске алып ояна 
сала тұрып кетуге тырыс. Аяқтың жерге тиюі мидың 
оянуына сигнал береді. Орныңнан тұрып, жақсылап 
дәрет ал. Таң намазына әдемі деген киіміңді киіп, иіс су 
себін. Себебі сен барлық нәрсенің Иесі, патшалардың 
Патшасымен кездесуге барғалы жатырсың. Әдемі киім 


МҮМКІНДІК
102
киіп, иіс су себінуің психологиялық тұрғыда ұйқы кезеңі 
аяқталып, жаңа күннің басталғанына сигнал береді.
Оянып жатқан кезде нәпсіңмен кеңеспе!
Егер нәпсіңнің 10 минут ұйықтай тұр деген сыбырына 
еріп ұйықтасаң, оянған кезде одан да қатты шаршаңқы 
халде оянып, ешнәрсеге шамаң келмей қалады. Себебі 
ғалымдардың айтуынша, терең ұйқының циклі 1,5 сағат 
уақытты алады.
Ал оянған соң тағы да 10 минут ұйықтасаң, ми 
оны ұйқының жаңа циклі деп қабылдайды. 10 минут 
немесе 30-60 минуттан соң оянсаң ұйқы циклін 
толық бітірмеген боласың, яғни 1,5 сағатқа толмай 
қалады. Сол себепті де өзің оянсаң да миың ұйықтап 
жатқандықтан өзіңді шаршап тұрғандай сезінесің. 
Бұл нәрсе сенің ұйқыңның қанбағанынан емес, ұйқы 
гармонының бөлінуінен болады. Мүмкін бұл жағдай 
басыңнан өткен шығар. Оянып, ұйықтап, кейін тағы 
оянғанда ұйқың мүлде қанбағанын сезген шығарсың. 
Өйткені жаңа ұйқымен жаңа циклді бастап, оны толық 
аяқтамайсың, сол үшін ең жақсы шешім – оянғаннан 
кейін бірден тұрып кету.


iqup
103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет