О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет27/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Энергияның негізі
К
өп жылдар бойы таң намазын қаза қылмау деген 
проблемамен күресіп келдім. Бұл дүниемен 
қоштасқанда амал дәптерімде саусақпен санарлық қана 
намаздың тұруы алаңдатады. Намаз оқымаған күндері 
бір нәрсенің жетпей тұратынын сеземін. Патшалардың
Патшасы болған Алланың құзырында бірнеше ғана таң 
намазы жазылған амал дәптеріме қарап тұрғандағы
жағдайым қандай болмақ? Маған барлық қажетімді 
берген Раббыма не айтамын? Сылтауларым Алланың 
берген сыйының алдында мардымсыз екенін білемін. 
Таң намазына сақ болу үшін көптеген тәсілдер 
қолдандым, бірақ соңы сәтсіз аяқталды. Оған өмірдегі 
жағдайларды кінәлайтын едім. Кейін өзімнің және 
мен секілді проблемасы бар адамдардың намаздарын 
қазір заман ағымына сай қылғысы келетінін, бірақ таң 
намазын оқу үшін өмір стилін өзгерткісі келмейтінін 
түсіндім. Біз таң намазына оянуға шамамыздың 
жетпеуін діни және рухани тұрғыдағы себептерге жаба 
саламыз. Ақиқатында біз басқаруға келетін логикалық, 
материалдық қарапайым бір затқа немқұрайлы қарап 
жатқанымызды түсіне алмай жүрміз. 
Ол себеп - ерте 


МҮМКІНДІК
94
жату.
Бұл - рухани немесе діни себептерді іздеместен 
бұрын ұстану керек болған негізгі себеп.
Түнгі 00:00 немесе 01:00-де ұйқыға жатып, 
әлсіз нәпсіден таңғы 4:00-5:00-те оянуды талап 
ету – таңғаларлық жайт. Егер таң намазына дейін 
жеткілікті дәрежеде ұйықтасаң, 2 сағат ұйықтағанмен 
салыстырғанда ояну оңай болады.
Даналық Иесі болған Алла Тағаланың хикметі сол 
біздің өмір сүру стиліміз таң намазына негізделгенін 
қалайды. Ол – күніңді бастайтын энергияның негізі. 
Таңғы уақыт – ол жай ғана өтіп кететін нәрсе емес. Алла 
Тағала біздің өміріміз таң намазынан басталғанын 
қалады. Жаратушының бұл нұсқауларына ерген адам 
тіпті, мұсылман болмаса да, жетістік серігі болмақ. 
Өмірімде таң намазынан артық маңызды нәрсе 
таба алмадым. Күнімді таң намазымен бастаған кезде 
Алланың қорғауы мен панасында боламын. Ал таң 
намазының екі рәкәт сүннеті дүние мен оның ішіндегі 
барлық нәрседен хайырлы және ол нәрсемен екі 
дүниедегі мақсатымызға жетуге мүмкіндік береді. Сол 
арқылы аңсаған өмірімізге қол жеткіземіз. 
Түнгі 23:00-
ден кейінгі алып бара жатқан қандай маңызды ісің бар, 
соларды айтып берші?!
Көп адам түнде маңызды әрі қажет болған ісін істеп 
жатпайтыны белгілі ғой. (Түнгі кезекте жұмыс істейтін 
адамдардан басқа). Тіпті маңызды іс болса да көп 
адам оны таңертең жасайды. Адамдар өзінің сүйікті әрі 


iqup
95
маңызды ісімен айналысуға уақыты жоқтығын айтады. 
Түсінгенім, көп адам өмірін таң сәріден бастағысы 
келмейді. Олар таң намазына тек ұйқы саяхатындағы 
бір аялдама ретінде қарайды. Ұйқыдан таң намазына 
оянып, кейін қайтадан ұйқыға жатады. Мүмкін олардың 
таңертең оянумен байланысты негативті естеліктері 
бар шығар мысалы, емтихан тапсыру, сапар шегу, 
тағы сол секілді жағдайлар. Олардың миы автоматты 
түрде таңертеңгі оянуды негативті естеліктермен 
байланыстырады. Сонымен қатар олар түнімен бос 
кетіретін бір-екі сағатын таңертең ерте оянуға қимайды.


МҮМКІНДІК
96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет