ҰОҚ: Сурет салу Тақырыбы: «Жау жаңбыр» Мақсаты



бет3/7
Дата12.12.2021
өлшемі24,3 Kb.
#99796
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бейнелеу сабақ жоспары

Ұйымдастыру ізденістік

Балалар мен сендерге қазір өлең оқимын, сендер тыңдаңдар.
«Жаңбыр»
- Тырс! Тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Терезе қағады.
- Тырс! Тырс!
Жылғалар ағады,
Сылдырап әуенге салады.
- Балалар бұл тақпақта не туралы айтылды?
- Жаңбыр туралы.
Жаңбыр қайда жауды?

- Кім жаңбырдың астында жүріп көрді?


- Балалар, қазір сендермен жаңбыр туралы суреттер қарайық.
«Жаңбыр биі» видио ролик
Балалар жаңбыр суреті мен дыбысын тыңдап болғасын педагог былай деп сұрақ қояды.
- Балалар, біз жаңбырды немізбен көрдік?
- Жаңбыр дыбысын немізбен естідік?

Саусақ қол жаттығулары


«Жаңбыр жауды»
Жаңбыр қалай жауды. Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады.
Педагог:
Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы.
- Нені көріп тұрсыңдар?
- Бұлттан не жауып тұр?
- Көк түсті бояуды көрсетіп түсіндіреді.
- Көк түсті не болады?
- Тамшының пішіні қандай?
Педагог:
- Балалар біз бүгін жаңбырдың суретін саусақты және бояуды қолданып саламыз. Педагог көк түсті бояумен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіріп, көрсетеді. Ол үшін саусақты суға малып, көк түсті бояуды сумен езіп, парақ бетіне бастырамыз.
Педагог жаңбыр тамшысы суретін саусақпен салғанда:
- Тырс! Тырс! – деген сөзбен қоштап отырып, сурет салады.
Балалар жұмыс жасар алдында саусақты бояуға салмай тұрып, ауада жаттығып көреді.
Балалардың жеке жұмысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет