Ата-аналарға арналған сауалнама
Құрметті ата-ана сізге ұсынылып отырған сұрақтардың ішінен өзіңіздің қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді белгілеңіз!
Алдын-ала рахмет!
1. Тәрбиелеу ісіне қандай әдістерді көбірек қолданасыз?
а) өзіне мысал келтіру;
ә) талап етушілік;
б) сендіру;
в) жазалау;
г) мадақтау.
2. Сіздің отбасыңызда балаға талап етушілікте ынтымақтастық, ауызбірлік сақталады ма?
а) ия;
б) жоқ.
3. Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін қолданасыз?
а) мақтау;
ә) отбасы мүшелері бірауыздан баланың жақсы қылықтарын, жаңа кітап, ойыншық сатып алғанда мақтау;
4. Баланы тәрбиелегенде күш қолданасыз ба?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
5. Сіздің таңдаған әдісіңіз балаға оң ықпал етеді ме?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
6. Балаңыз сізге сенім білдіре ме, құпиясымен бөлісе ме
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
7. Бала тәрбиесі үшін сіз өз жүріс-тұрысыңызды, мінез-құлқыңызды бақылауға тырысасыз ба?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
8. Баланы тұлға ретінде құрметтейсіз бе?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
9. Бала тәрбиесіндегі кездесіп жатқан қиыншылықтарды кімдермен бірге шешуге талпынасыз?
а) жеке өзім;
ә) әкесімен;
б) көршілермен;
в) туған-туыстарымен;
г) педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен;
д) сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдерімен.
10. Бала тәрбиелеуде мектепке қояр талабыңыз бен ұсынысыңыз:__________________________________________________
“Бала тәрбиесі” тесті
Анықтама: Сіздің назарыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата-ана ретінде сіздің бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай? Яғни әрбір сұрақтан кейін берілген жауап нұсқауларыңыз сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес келгенін белгілеңіз. Іске сәт!
1. Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі
жыртылып немесе бет-аузы көгеріп келеді. Сіз:
а) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз;
ә) балаңызға көмек бересіз, бірақ бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта-қайта айтып, балаға ұрсасыз;
б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешу керек.
2. Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:
а) олардың ата-аналарымен сөйлесесіз;
ә) балаларды үйге шақырып, оларды ықпал етуге шақырасыз;
б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз.
3. Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіз:
а) еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білуі тиіс деп ойлайсыз.
ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтыныңызды айтасыз.
б) балаңыздың жеңілуді ұнату үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз.
4. Балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйқтауы керек болсада жатқысы келмейді. Сіз:
а) оған ұйқының маңыздылығын түсіндіресіз;
ә) қалаған уақытында жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертең белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз;
б) ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз.
5. Балаңыз өзіне қатысты болсын, болмасын күнін азаннан кешке дейін теледидар қараумен өткізеді. Сіз:
а) ол үшін кейбір бағдарламаны таңдап, тек қана соларды қарауын ғана талап етесіз;
ә) теледидар қарау үшін белгілі уақыт бөлесіз, бірақ не қараса да бала өзі таңдайды;
б) теледидарды өшіріп тастайсыз.
6. Балаңыз жеткілікті дәрежеде дөрекі, сөзге әуес делік. Тіпті мұндай құлқымен айналасындағы адамдардың мазасын алады. Сіз:
а) оған мұндай мінез-құлықтың жақсы болмағандығын түсіндіріп, дөрекі болмауын керек екенін айтасыз;
ә) дөрекі іс-әрекет жасауына тыйым салып, бұзақылығына жаза бересіз;
б) жақсы іс-әрекеттерін қайталау үшін мақтап, мәпелейсіз;
7. Балаңыздың жасы әлі кішкентай болса да қыздарға /ұлдарға/ қырындауын бастаған. Сіз:
а) еш нәрсені қозғамай, болған күйінде тастайсыз;
ә) мұның тек балалық махаббат болғандығын ойлап, қарсы шығасыз;
б) балаңызға махаббат түсінігін айқындап түсіндіріп, әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынастардың қандай болуы керек екендігін жақсылап түсіндіріп бересіз.
8. Басқа балалар сіздің балаңыздың артынан қалмайды: оны ұрады. Мазақтайды т.б. делік. Сіз:
а) балаңызға қарсылық беру жолдарын үйретесіз;
ә) бұл балалардың ата-аналарымен кездесіп сөйлесесіз;
б) балаңыздың мұндай балалармен кездеспеуі үшін мүмкіндік жасайсыз.
9. Сіз үлкен қызыңызға немесе ұлыңызға барлық мүмкіндіктерді жасайсыз. Бірақ ол соған қарамастан еш нәрсенің қадірін білмей, кішкентай бауырларына айқайлайды. Сіз:
а) оны ақылды болуға, саналы әрекет жасауға шақырасыз, бірақ мұның барлығын кішкентай бауырларының да естуін қамтамасыз етесіз;
ә) балаңызға одан әрі көп көңіл бөлуге тырысасыз;
б) тіпті араласпайсыз.
10. Егер балаңыз дөрекі іс-әрекет жасап, басқаларды түсінбей, бөтен балаларға тиісетін болса, Сіз:
а) өзінің қатесін түсінуі үшін оған қарсы да тап солай әрекет етуді бастайсыз;
ә) оған көбірек көңіл аударып, проблемаларын түсінуге тырысасыз;
б) күш пен зорлықты тақырып еткен киноларды қарауына тыйым саласыз.
Рахмет
Сауалнама
«Отбасы қарым-қатынас»
(ата-аналарға)
Достарыңызбен бөлісу: |