№1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп
«Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін арттыру»
Өзін-өзі тану пәні бірлестігі онкүндігі
АШЫҚ САБАҚ
«Өзін – өзі тану» пәні
3 «А» сыныбы
«Шаңырақ жарастығы»
Досқалиева Зейнеп Раушанқызы
2013 – 2014 оқу жылы
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №1 орта мектеп Мерзiм: 27.11.2014 № 12 сабақ
Тақырып: Шаңырақ жарастығы
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік, жауапкершілік, жанашырлық
Мұғалiм: Доскалиева Зейнеп Раушанқызы Сынып: «3а» Оқушылар саны 21
Сабақтың мақсаты: Шаңырақ мүшелері, олардың қарым-қатынастары туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік: Шаңырақ жарастығы, Отбасы құндылықтары, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.
ә) дамытушылық: жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
б) тәрбиелік: Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді игеру сабағы
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: миға шабуыл, топтастыру, презентация, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, музыка.
|
Ресурстар:
Оқулық, дәптер, нақыл сөздер, слайд, жүрекше, кесте, глобус (қыз, ұл макеті), жайлы әуен, топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар, қағаздан қиылған күн, гүл, үй суреттері, бейне материал.
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру, сабақтың ерекшелігімен таныстыру.
1) Тыныштық сәтi. (4 мин)
Баяу әуен тыңдай отырып жасау. «Күннің нұры»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:«Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Үй тапсырмасын тексеру.
2)Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)
1. Өткен тақырып қалай аталады?
2. Аялау деген сөзді қалай түсінесің?
3. Сендерді кімдер аялайды?
4. «Жанашыр» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім?
5. Ол кімге жанашыр болды?
6. Ақбөпе қайда тұрады екен?
7. Ақбөпе қандай қыз?
8. Ақбөпе Дастанды қалай танып біледі?
9.Дастан өскенде кім болам деді?
10.Ақбөпе кім болуды армандайды?
11. Ақбөпенің достары оны қалай қарсы алды?
12.Дастан үйіне қандай көңілмен қайтты?
13.Дастан қандай қасиетін танытты? (аяушылық, адамгершілік)
14.Өткен сабақта қандай нақыл сөз үйрендік?
15.Өзіңді де, өзгені де аяла дегенді қалай түсінесіңдер?
16.Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
|
Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
Оқушылардың алдыңғы сабақтан түйгендерін пысықтау мақсатында сұрақтар қойылады.
|
ІІ. Дәйек сөз.
«ШАҢЫРАҚ СӘНІ – СЫЙЛАСТЫҚ»
Халық даналығы
|
Шаңырақта сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік,татулық,ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, махаббат шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.
|
ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (15 мин)
Олай болса Е.Өтетілеуовтың «Мен қазақ баласымын» атты өлеңін оқимыз.
Тұяғы - әкесінің (әкем)
Тілегі - анасының (анам)
Тірегі - ағасының (бала)
Жерінде - анасының (шаңырақ )
Бұтағы бабасының (бұтақ)
Ұрпағы атасының (жеміс)
Шуағы әжесінің (күн нұры)
Тілегі даласының (тау)
Дарытқан бар асылын
Мен - қазақ баласымын
Бір шаңырақта кімдер тұрады?
Шаңырақта жарасымдық болу үшін отбасы мүшелері қалай тұру керек?
-Еліміздің қай рәмізінде шаңырақ бейнеленген?
-Елтаңбадағы шаңырақ ненің белгісі? (Қазақстан халқы бір шаңырақ астында тұрады)
-Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
-Басқа ұлт өкілдерімен біз қандай қарым-қатынастамыз?
-Біздің аулыда, біздің сыныпта қандай ұлт өкілдері бар?
-Шаңырақ шайқалмасын дегенді қалай түсінеміз?
Мәтінмен жұмыс
«Сүйіспеншілік»
А.Асылбеков
Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуміз бірге бармаймыз», - дейді. – Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағым болса – Сәттілік. Менің атым – Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:
-Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуіміздің біреуімізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар, - деді.
...Әйел сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда, қатты қуанған ол: «Қандай жақсы,қандай жақсы», - деп қайталай берді.
-Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты шақырайық үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?» деді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келеді: «Негізінде ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз».
Есікті ашқан әйел үй ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық», - деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да үйге беттеді. Жолдастары да орнынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң – таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»- деді. Қариялар:
-«Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз бірге барумыз керек», - дейді. Алтынайдың «неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:
- «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз».
-Сендер болсаңдар қайсысын шақырар едіңдер? Неге?
-«Сүйіспеншілік бар жерде-байлық пен сәттілік бар»-дегенді қалай түсінесіңдер?
Тапсырма
Бұл мәтін не үшін осылай аталды, Insert әдістемесі бойынша оқушылар алдарыңындағы кестені толтырады. Яғни осы мәтіннен не білді, не үйренді, олар үшін жаңа ақпарат қандай болды, не таңғалдырды , INSERT әдістемесі бойынша кестені толтырады.
«V» – білемін
|
«–» Білмеймін
|
«+» мен үшін жаңа ақпарат
|
«?» – мені таң қалдырды
|
|
|
|
| |
Достарыңызбен бөлісу: |