«Жақсылық жасай білейік»
Досқалиева Зейнеп Раушанқызы
2013 – 2014 оқу жылы
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №1 орта мектеп Мерзiм: 20.11.2014_№ 11 сабақ
Тақырып: Жақсылық жасай білейік
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Мейірімділік, жауапкершілік, жанашырлық
Мұғалiм:Доскалиева Зейнеп Раушанқызы Сынып:«4а» Оқушылар саны20
Сабақ мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту
Дамытушылық мақсаты:
Жақсылық жасай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты :
Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау
Міндеттері:
жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді игеру сабағы
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: СТО стратегиясы, миға шабуыл, ассоциация, топтастыру, презентация, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сахналау
Қолданылатын технология: АКТ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, музыка.
|
Ресурстар:
Үнтаспа, оқулық, дәптер, маркер, флипчарт, кітап, дәптер, нақыл сөздер, слайд, сурет, жүрекше
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
1) Тыныштық сәтi. (4 мин)
Баяу әуен тыңдай отырып жасау. «Күннің нұры»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын...
Нұр менің ішімде...
Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Үй тапсырмасын тексеру.
2)Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)
Сахналау
Егінші мен қасқыр
Литва ертегісі
Автор: - Егінші таң сәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолынан нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншісінің қасына келіп:
Қасқыр: - Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
Егінші: - Нан.
Қасқыр: - Маған да наныңнан берші?
Автор: - Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан ол егіншіге мынадай тілек білдірді:
Қасқыр: - Сенің тамағың дәмді екен менің де күн сайын осындай тамақ жегім келеді. Сен маған оны табудың жолын үйретші...
Егінші: - Алдымен жер жыртасың, содан соң тырмалайсың, - деді.
Қасқыр: - Содан соң нан бола ма?
Егінші: - Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің. Ол көктемде көгеріп, жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.
Қасқыр: - Содан соң нанды жеуге бола ма?
Егінші: - Қайда әлі! Бидайды орып, оны баулау керек. Содан кейін қырманға апарып, маялау керек.
Қасқыр: - Сонда нан бола ма?! – деп қасқыр айқайлап жіберді.
Егінші: - Жоқ, бидайды жиып алып, бастыру керек. Одан кейін диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.
Қасқыр: - Сонда жеуге бола ма?
Егінші: - Жоқ әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...
Қасқыр: - Сонда нан бола ма?
Егінші: - Ия, сонда нан болып, жеуге жарайды, - деді егінші.
Шыдамы таусылған қасқыр:
-Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей – ақ қояйын, - деді.
Қасқыр неліктен нан тауып жеуден бас тартты?
Саған қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
Сендердің де сабырсыздық танытқан кездерің болды ма? Ондай жағдайда қандай күйде боласыңдар? Ол әрекеттеріңді жоюдың қандай жолдарын іздестірдіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар. Қасқыр қиындықтан қашты. Өйткені оның бойында шыдамдылық, сабырлылық сияқты асыл қасиеттер жоқ екендігін әңгіме арасындағы шыдамсыздығынан байқадық. Сабырсыздық адамға орынсыз сөздер айтқызады, ашуландырады. Нәтижесінде орынсыз ашу мен жағымсыз сөздер өзіңді ұятқа қалдырады. Ал егінші еңбекқор, шыдамды сабырлы. Ондай адам барлық ісін аяғына дейін жеткізіп, өз еңбегінің жемісін жейді. Ал өз еңбегінің жемісін жеу – бақыт!
|
Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
Мұғалім оқушылардың ол туралы түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қояды.
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:
|
ІІ. Дәйек сөз.
«Ешқандай жақсылық зая кетпейді»
Халық даналығы
|
Жақсылықтан жақсылыққа жетесің, жақсылықтан жақсылық туындайды, жақсылық болған жерде жақсылық туындайды, жақсылық зая кетпейді деген осы
|
Достарыңызбен бөлісу: |