Қазақ елін мекен ететін басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т.б. танып-білуге деген сұраныстары мен мемлекеттік қазақ тілінде және ана тілінде сөйлей алатын, өз ойын, пікірін қорғай алатын дара тұлға даярлауды талап етіп отырған қоғам талабына орай, базистік оқу жоспарында,өзге тілді мектептерде әдебиет пәні қазақ тілі негізінде оқытылуда.
Сағат саны бойынша күнтізбелік жоспар мектеп оқу жоспарына сай келеді.Аптасына 1 сағат.
1 тоқсан – 9 сағат, 2 тоқсан – 7 сағат 3 тоқсан – 10 сағат 4 тоқсан – 8 сағат, барлығы 34 сағат.
Тоқсан сайын бір жазба жұмысы міндетті түрде.
Халық ауыз әдебиетін, қазақтың ақын жазушыларының шығармаларын төл тілінде оқудың танымдық, тәлім-тәрбиелік және қазақ тілдік ортаның кеңеюінде маңызы зор.
Әдебиетті оқытудың мақсаты- мәдени -танымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. Осы мақсатта 5-сыныпта мына міндеттерді шешу көзделеді: